//

Алматыда “Музей түні” шарасы өтті

844 рет қаралды

18 мамыр – Халықаралық музей күні. Алматы тұрғындары өткен ғасырға сапар шекті. Қалалық музейлер берлестігі «Музей түні» акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды “Undestik”

Мәдени-танымдық іс-шара қаланың жеті музейінде «Тарих. Тұлға. Музей» тақырыбында ұйымдастырылды. Мысалы, тарихи кезеңдерге байланысты 11 залдан тұратын Алматы музейінің іші мен сырты келушілерге лық толды. Кешкі сағат жетіде басталған мәдени шара түнгі 11-ге дейін жалғасты. Музейдің биылғы акциясы әдеттегіше ән-бимен басталды. Сахнада белгілі әртістер Ғазизхан Шекербек, Кенжебек Жанәбілов, Ерлан Байназаров және «Tengri ethno music band» бой көрсетті. Мерекелік көңіл-күйге бөленген көрермен ары қарай акция бағдарламасымен танысып, музейді аралауға кірісті. Көрермен назарына қола дәуіріндегі әйел, қазақ батырлары, сондай-ақ басқа да белгілі, тарихи тұлғалар ұсынылды.

Музей түніне келген қонақтар көрмеден бөлек: «Тірі Музей» театрландырылған қойылымын тамашалады. Оған қоса, интеллектуалдық квест-ойындар мен шеберлік сағаттарға қатысты.

– Музейлер – Алматы қаласының рухани және мәдени өмірінің ажырамас бөлігі. Біздің музейге келушілер Алматы қаласының тарихы туралы біліп қана қоймай, түрлі рухани-тарихи және мәдени іс-шараларға қатысып, ой-өрісін кеңейтеді. Осындай акциялардың бірі – «Музей түні» акциясы, – дейді «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» директорының даму жөніндегі орынбасары Қайрат Тарбаев.

Эльмира Билалова, Алматы музейінің ғылыми қызметкері:

“Музейде жұмыс істеп жатқаныма 38 жыл болды. Бұл менің музейдегі 38-ші түнім. Бұл түн бүкіл дүниежүзі музейлерінің ынтымақтастыққа және мәдениет деген баға жетпес байлығымызды қастерлеуге шақырады”

Көрермен:

“Қазақ ұлттық университетінің археология мамандығының студенттеріміз. “Музей түні” іс-шарасы мамандығымызға қатысы бар болғандықтан жыл сайын қатысуға тырысамыз. Шараның ұйымдастырылуы жылдан жылға жақсаруда”

Музей түніне қатысқан қонақтар қатарында студент жастар, орта буынмен қатар ата-әжелеріміздің жүргені көңіл қуантады. Осындай мәдени- интелектуальды шараларға көрерменнің көптеп келуі ел мәдениетінің жаңа белеске көтерілгенінің айқын дәлелі деуге болады.

Айта кетейік, Алғашқы «Музей түні» 1997 жылы Берлинде ұйымдастырылған. Жақсы бастама қазір әлемнің 150-ден аса елінде дәстүрлі түрде өтіп тұрады.

Күләш Азаматқызы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар