///

Мемлекеттік білім беру мекемелерін қаржыландырудағы теңсіздік білім беруге қаншалықты әсер етеді?

2239 рет қаралды

Мемлекеттен қаржыландырылатын білім мекемелерін алалау, Назарбаев зияткерлік мектептеріне бүкіл назарды аударып, жай мектептерді шөміштен қағу – білім берудегі теңсіздікке бастамай ма? 

“Мінбер” сайты осы сауалға жауап іздеп көрген еді. Екі мектеп арасындағы айырмашылықты зерделеу үшін  Алматы қаласының Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі (ХББ НЗМ) және Алматы облысының №4  орта  мектептерінің қаржыландыру көрсеткіштерін, соның ішінде спорт секцияларын салыстыруды мақсат еттік.

Алматы қаласындағы ХББ НЗМ 2015 жылы ашылған. Ол 5 үлкен корпус және 3 этаждан тұрады. Бұл мектепте екі үлкен спорт залы, бөлек үлкен теннис, баскетбол, футбол алаңдары орналасқан. Одан бөлек толығымен жабдықталған үстел теннисі және шахмат спорт түрлеріне арналған орындар бар. Таңғы 8-ден кешкі 5-ке дейін оқитын НЗМ оқушылары мектеп беріп жатқан мүмкіндіктерді дұрыс түрде қолданып, өздерін тек сабақ жағынан ғана емес, спорт жағынан да дамытып жүр. Бұл деректер жай мектептегі жағдайдан қаншалықты ерекшеленеді?

Абай Акешеев – ХББ НЗМ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, осы жайында өз пікірін білдіріп кетті.

– Жай мектептер мен НЗМ арасында айырмашылықтар өте көп. НЗМ база жағынан және спорттық құралдар жағынан өте жоғары деңгейде жабдықталған. Ал жай мемлекеттік мектептерде спорттық жабдықтар жетіспейді. Ол мектептерде спортпен айналысқысы келетін оқушылар көп, бірақ бөлінетін қаражат аз. НЗМ-де барлығы 9 спорт үйірмесі жұмыс істейді. Оларға волейбол қыздар және ұлдар, баскетбол қыздар және ұлдар, үстел  теннисі, жартасқа өрмелеу, тоғызқұмалақ, шахмат, Айбын кіреді. Жалпы алғанда спорт үйірмелеріне 400-ге жуық оқушы қатысады. Жыл сайын спорт түрлерінен желілік спартакиадалар болып тұрады. Мен өзім осыған дейін бірнеше жыл мемлекеттік мектепте жұмыс атқарғандықтан, барлық өзгешеліктерді анық көзбен ажырата аламын.

Сонымен қатар 7 сынып оқушыларының ойлары бойынша, НЗМ мектептерінде тек спорттық жабдықтандыру жағынан ғана емес, мұғалімдердің біліктілігі жағынан да үлкен артықшылықтар бар.

№4 орта мектеп жайлы деректерді айта кетсек, ол 1975 жылы құрылды. Алғашқы атауы «Ы.Алтынсарин атындағы мектеп» болған. Одан кейін ол «Ы.Алтынсарин атындағы №4-орта мектеп» болып ауысты. Уақыт өте келе «№4-орта мектеп» деген қазіргі атауы қойылған. Спорт жағына келетін болсақ, бұл мектепте 1 тозығы жеткен спортзал ғана бар. Спортзалдың қасында тек  кішкентай киім ауыстыру бөлмесі бар. Спорттық секциялардан волейбол, футбол, шахмат бағыттары қамтылған. Бұл спорттардың арасында тек волейбол спорты жарыстық деңгейде жақсы дамыған.

Жомарт Бекбосынов – №4 орта мектеп волейбол үйірмесінің жетекшісі:

– Мектептегі спорт секцияларының пайдасы әрқашан да жоғары болады деп ойлаймын. Себебі көп жағдайда болашақ спортшылар мектептен шығады. Біздің мектепте спорт секцияларына жалпы 1700 оқушыдан шамамен 780 оқушы  қатысады. Балалардың көп қатысатындығы әрине қуантады, бірақ қаражат пен орынның аздығы олардың қабілеттерін толығымен аша алмайды. Сол үшін қаржыландыру мәселесін тезірек шешсе деген үміттемін, – деп айтты кетті.

Статистикаға қарасақ, №4 орта мектеп және ХББ НЗМ салық аударымдарының арасында өте үлкен айырмашылық бар. ХББ НЗМ мектебінде салық аударымдары 2 537 508 563 теңгені, ал №4 орта мектебінде 831 226 теңгені құрайды.

Сонымен қатар екі мектептің жылдық кірістері де қатты өзгешеленеді. №4 орта мектепте жылдық кіріс 32 268 705 теңге болса, ХББ НЗМ мектебінде 17 305 383 900 теңгені құрайды. Бұл көрсеткіштер қаржыландыру мәселесінің қиын жағдайын толығымен көрсетеді.

Екі білім ордасының жұмысшыларынан бөлек осы маңызды мәселе жайында өз пікірлерімен тәуелсіз сарапшылар да бөлісті. Олардың ойынша, мектептерді қаржыландыру жағынан үкімет тарапынан бөліп жару мүлдем дұрыс емес. Себебі тепе-теңді қауымдастық, балалар саны бойынша ұқсастық, конкуренцияның болмауы біздің болашақ қоғамымызға, яғни, жастарға өз әсерін қатты тигізеді.

Аятжан Ахметжан тәуелсіз білім саласындағы сарапшы:

– Кәдімгі 5 баланың 4-і қабілетті! Меніңше, қабілетті балаларды жинап алып ерекше жағдай жасап бөлек оқытқаннан ештеңе ұтпаймыз, керісінше, «Парето принципін» еске алсақ, көп нәрсе жоғалтамыз. НЗМ, РФМШ, БИЛ ерекшеленген мектептерінің оқушылары кәдімгі мектептерде оқыса, олар өзге балаларды сүйрейтін «локомотив» болар еді. Бөлек оқыту деген, қабілетті балаларды қоғам үшін жоғалту деген сөз!

Өмір Шыныбек тәуелсіз білім саласындағы сарапшы:

– НЗМ бір ауысымды мектеп, ал басқа мектептер 2-3 ауысымды. НЗМ-де бір сыныпта 24 оқушы, ал басқа мемлекеттік мектептерде 30-40 оқушы. Бұл жерде мүмкіндік және қаржы мәселесі әртүрлі. 30 жылдан бері жыр болып келе жатқан мәселе қазіргі таңда үлкен резонанс тудырып жатыр. Ата-аналардың өзі қарсылықтарын білдіре бастады. Мұның өзі жағдайдың шиеленісе бастағанын білдіреді.

Жоғарыда айтылған пікірлердің барлығы да біздің мемлекетіміздің ең басты салаларының бірі – білім саласында туындап тұрған үлкен мәселенің өз шешімін табуына тиісті екендігін көрсетеді. Бұл жағдайда үкімет және білім министрлігі барша халықтың үнін тыңдап, мәселені шешуге ат салысуы керек. Бірақ оны іске асырудың алдында бәрін де жүйелі түрде ойластырып барып, мемлекет бойынша облыс, қала, ауылдарда орналасқан барлық мектептерге бірден болмаса да, біртіндеп жаңашылдық енгізуі қажет. Әр оқушы бала жаңа, білікті мұғалімдері бар мектепте білім алуға қарсы болмайды, керісінше одан сайын мотивация алады. «Болашақ жастардың қолында» демекші, ол болашақты көру үшін мемлекет бірінші кезекте қолайлы жағдай жасауға міндетті.

Әсем Тугилова,

СДУ Журналистика мектебінің І курс студенті

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері