////

TEZ TAP – ойын-сауықтың сапалы түрі

719 рет қаралды

«TEZ TAP» – қазақ тіліндегі ойын-сауықтың жаңа түрі. Қатысушылар көңіл көтеріп қана қоймай, ақылды ортада білімін шыңдай түседі. Тұңғыш қазақша Quiz жобасының негізі 2020 жылы қаланды. 3 жыл ішінде жоба өз аудиториясын қалыптастырып, үздіксіз дамып келеді.

     Бұл не ойын?

     «TEZ TAP» бастапқыда қазақ тіліндегі үстел ойындары болатын. Кейін рестобарда өтетін топтық зияткерлік Quiz ойынын ұйымдастырып, жаңа бағытпен таныла бастады. Әр сәрсенбі еліміздің түкпір-түкпірінде білім құмар жандар бас қосып, 2,5-3 сағат уақытын пайдалы жиында өткізеді. «TEZ TAP» туралы толығырақ білу үшін жоба жетекшісі Қамзабек Дана Дарханқызымен сұхбаттастық.

– Дана ханым, бұл ұйымды ашу себебіңіз неде? Не түрткі болды?

– Қазақтардың тек тамақ ішіп, би билеп қана қоймай, сонымен қатар интеллектуалды жобаларға қатысқанын қалап, осындай Quiz-ді бастадық. Біз көңіл көтергенді, отырыстарды жақсы көреміз. Бізде қонақ шақыру, қонаққа бару кең таралған. Сондықтан бұл формат қазақ қоғамына сай келеді деген оймен ашылды.

«TEZ TAP» Астана, Алматы, Шымкент, Тараз, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Құлсары, Қызылжар, Семей өңірлерінде өз жұмысын сәтті жүргізіп жатыр. Алдағы уақытта басқа қалаларда ашу жоспарда бар.

Қазақ тілінің қайтадан өркендеу толқыны болып жатыр.

– Неге нақты қазақ тілінде өткіземіз деген шешімге келдіңіздер? Себебі?

– Байқасаңыздар, қазақ тілінің қайтадан өркендеу толқыны болып жатыр. Сол себепті кез-келген қазақ тіліндегі сапалы өнім нарықта тез дамиды. Бірақ біз толқынға сай келгеннен бастаған жоқпыз. Менің тілге деген махаббатым және жауапкершілігім бұрыннан бар еді. Осындай қазақ тілді қоғамға арналған бір жоба жасағым келетін.

– Құпия болмаса жобаңыздың демеушісі кім? Мемлекет бастамаңызды қолдады ма?

– Бұл жоба толық менің жеке кәсібім. Өкінішке қарай немесе қуанышқа орай әзірге демеуші жоқ. Мемлекет тарапынан қолдау болған жоқ. Алайда біз түрлі аппараттарға, түрлі мекемелерге хабарласамыз. Бірақ әлі демеу болмады.

– «TEZ TAP -тың» басты миссиясы ол…

– «TEZ TAP -тың» мақсаты: өте үлкен, ауқымды, ең бастысы қазақ тілді қоғам үшін көңіл көтерудің, ойын-сауықтың сапалы түрін ұсыну. Ал негізгі миссиясы: қазақша сөйлейтін интеллектуал ортаның қалыптасуы. Сол миссиямызды біртіндеп іске асырып жатырмыз. Алматыға да, Астанаға да, қай қала болмасын «TEZ TAP» ойынына кірсеңіз, бір атмосфераны сезінесіз. Ол – жанып тұрған қазақтар. Әрқайсысы өте білімді, жан-жақты тұлғалар.

Парақшамызға жазылыңыз

Albina

Альбина Булатова

«Мінбер» ақпарат агенттігі ұйымдастырған «Азаматтық журналистер» жобасының 2023 жылғы түлегі

SDU University Журналистика мектебінің 1 курс студенті

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі