////

Жиырмаға жуық оқушы оқиды: БҚО-да ауыл мектебі жойылудың алдында тұр

1857 рет қаралды
Сурет әлеуметтік желіден алынды

Батыс Қазақстан облысында Теректі ауданына қарасты Талпын ауылының 9 жылдық мектебінің өзі жабылудың аз-ақ алдында тұр. Ауылдағы тұрғын саны азаймаса көбеймеген. Оған негізгі себеп ауылдағы жұмыссыздық. “9 жылдық мектеп жабылса туып өскен жеріміздің тоз-тозы шыға ма?” деп алаңдайды жұртшылық. 

  Орал қаласынан 70 шақырым жолдың бойында орналасқан ауылдың қазіргі ахуалы ауыл түрғандарын мазалайды. Ауылда 80-100 шақты үй, 150-ден астам халық бар. Дегенмен, ауылдағы мектеп жағдайының қазіргі күйі алаңдатады. 

Талпын аулының ірі қожалық иелерінің бірі – Марат Әмірхан шаруашылықты дамыту үшін қайтадан туған жеріне көшіп келген екен:

– Ауыл шаруашылыққа жақсы. 6 жеке қожалық бар, ауыл тұрғындарының бәрінің үйінде мал бар. Алайда қазіргі  таңда мектепте бала саны өте саз. Мектебіміздің өзі 11 жылдықтан 9 жылдыққа дейін төмендеп қалған сәтте, бір жылап алған едік. Ал енді бастауыш мектепке дейін жабылуы мүмкін деген үрей бар.  Оның өзі жабылса, көбі бұл ауылдан көшіп кетеді, кейін бара-бара қаңырап бос қалады. Ауылға көшіп келген кезде 9 жылдық болды мектеп. Балаларым осы мектепте оқып, оқуға түсті. Мектепті мүмкін кері 11 жылдық білім ордасы етсе, қайтадан мұғалімдер шақырып, бала санын көбейтуге үлкен негіз болар ма еді деген ой бар. Себебі ауылда басқа мамандық иелерін жұмыспен қамтасасыз ету қолға алынбады,- дейді Марат Әмірхан. 

Ал ауыл әкімі Болат Александрұлы алаңдайтындай мәселе жоқ,  мектеп жабылып қалмас үшін әрекеттер жасап жатқанын жеткізді. 

– Әрине алаңдайды мектептегі бала санынының азайғанын күннен күнге көріп ауыл халқы әр жаңа маусым  сайын жиналыстарда осы мәселені қозғайды. Дегенмен ауылды жылу және сумен қамтамасыз етіп жатырмыз. Сонымен қатар байланыс жүйесінің де дұрысталғанына біраз болды. Ауыл енді-енді көркейіп, бой көтеріп жатыр. Ауылға жастарды жиі жұмыспен қамту үшін тырысамыз. Ол ауыл тек қожалықпен айналысқан соң малшыларды отбасымен көшіріп қоныстандыру деген сияқты түрлерін де көріп жатырмыз. Алайда мектепті жабуға негіз жоқ. Өз жұмысын жалғастырады. Ауыл қазір өте кішкентай, сол үшін балалалар зерігіп кетпес үшін ауыл ішіне саябақ салдық. Мектеп жағдайы ретке келсе, қалыпты ауылдардың қатарында өмір сүріп жатқан мекен. 

Мектеп мұғалімдерінің мәселесі бұрын байланыс жүйесінің жоқтығы болатын. Салтанат Надированың айтуынша қазір мұғалімдер мектептің түгел жабылып қалуынан қорқады. 

– Осы мектепте жұмыс істеп жатқаныма бірнеше жыл болды. Осы ауылдың келінімін. Жолдасым ірі қожалықпен айналысады.  Осыған дейін байланыс ұстамайды, ақпарат табудан қиналатынбыз. Қазір мектептегі бала санының азайғаны жанымызға батып жүр. Ауылдағы мектеп мұғалімдерінің бәрінің жақсы білімі және тәжірибесі бар. Балаларды заманға сай оқытамыз. Алайда бала саны жылдан жылға азайып барады. Мектеп жабылса біраз қиындықтар туатыны сөзсіз,- дейді тарих пәнінің мұғалімі 

 Заң бойынша мектептегі бала саны бес баладан аз болса мектепті жабуға рұқсат. Десе де, БҚО облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Теректі ауданына қарасты Талпын ауылының мектебінің жабылуы туралы ешқандай талқылаулар жүргізіліп жатпағанын айтты. 

– Теректі ауданына қарасты Талпын аулының мектебінің жұмысын тоқтату туралы мәселе қозғалып жатқан жоқ. Алайда шынымен мектепте бала саны аз. Ауыл халқы өз мүдделерін ойламай мектепте білім алып жатқан балаларының жағдайын ойлағаны дұрыс. Олар көпшілік ортада білім алғаны жөн деп есептеймін. Қазіргі таңда мектепті жабуға ешқандай негіз жоқ. Алайда Теректі ауданында бала саны аз Шалқар және Октябрь ауылы бар. Сол мектеп балаларын Аңқаты ауылдық окургіндегі 11 жылдық білім ордасында білім  алумен қамтамасыз ету идеясы бар. Жатақханамен және барып келу көлігімен қамтамасыз етіп, балалардың көпшілік ортада, жақсы жерде білім алуына мүмкіндік жасау дұрыс деп есептейміз. Десе де бұл іс жүзінде жүзеге асу үшін әлі біраз уақыт керек болады деп ойлаймын. Ауыл халқы үшін қазірді таңда уайымдайтын мәселе жоқ,- дейді облыстық білім басқармасының бас маманы Ақжарқын Темірханова. 

Талпын ауылында білім алып жатқан Айкөркем Кәкімқызы мектептегі білім жүйесінің өте жоғары деп  санайтының жеткізді. 

– Мектептегі мұғалімдер немқұрайлы сабақ бермейді. Аудандық, облыстық жарыстардан білікті мұғалімдеріміздің арқасында жақсы жетістіктерге жетіп жатырмын. Жарыстардан қалдырмайды, тыңғылықты дайындайды, ауданнан ақша бөлінбеген жағдайда көлікпен қамтамасыз етіп жарыстарға өздері апарып келеді. Жақын жерде Аңқаты ауылында оқушы саны көп, техникалармен жақсы қамтамасыз етілген, алайда біз ол жақта оқысақ бізге өз мектебіміздегідей мұғалімдер табылмайды деп қорқамыз,- дейді Айкөркем.

Батыс Қазақстан облысында жалпы саны 385 мектеп бар. Теректі ауданына қарасты 38 мектеп болса оның 10-ы негізгі,  8-і бастауыш мектеп. Саны мен сапасы бар мектептердің көп болуына назар аударсақ әлдеқайдан білімді бала тәрбиелеуге жол ашылады. Жоғары билік өкілдері мен арнайы мамандардан бөлек тұрғындардың өзі мектептерді дамыту үшін әрекет жасау керек.

дереккөз: taldau.stat.gov.kz

Мейрамгүл Мұхамбетқалиева, 

SDU, “Журналистика” мектебінің 4-курс студенті



Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі