//

Oyan, Qazaqstan белсенділері қамаудан босап шықты

555 рет қаралды

Алматыда Oyan, Qazaqstan! белсенділері 18 қаңтарда қамаудан босап шықты. Oyan, Qazaqstan! ұжымы Ақмарал Жәкібаева мен Айсұлтан Құдайберген, Жанель Шаханды абақты алдында күтіп алды.

3 қаңтарда Oyan, Qazaqstan! белсенділері Алматыдағы Тәуелсіздік монументі алдында қозғалыстағы жақтастарын қолдап пикетке шыққаны үшін 15 тәулікке қамалған еді. Сот белсенділерге “бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды” деген айып тағып, қамауға алған еді.

Бұған дейін екі белсінді Бота Шәріпжан мен Равкат Мұхтаров абақтыдан босап шыққан еді. Олар 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні Алматыдағы орталық алаңда наразылық акциясына қатысқаны үшін 15 тәулікке қамалған. Белсенділер өздеріне тағылған айыпты мойындамаған еді.

Oyan, Qazaqstan! – саяси реформаларды талап ету үшін бейбіт қозғалыстарды ұйымдастыратын азаматтық ұйым.

Парақшамызға жазылыңыз

Дина Айтбекова

Дина Айтбекова Бақытбекқызы
Алматы қаласы, SDU университетінің 4-курс студенті, Журналистика мамандығының болашақ түлегі.
2021-2022 жылы Alatau медиа холдинг, Turkistan.tv тілшісі болған, 2023 жылы Misk.kz сайтында материалдары жарияланған.
MediaNet медиасы ұйымдастырған курстың қатысушысы.
Azattyq.kz радиосы халықаралық сайтында өндірістік тәжірибеден өткен.
Taboo сайты, Shashbau ютуб каналының негізін қалаушылардың бірі. Minber.kz сайтының авторы.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар