///

Газа секторы, Рафах қаласындағы “қайғылы ағаттық”

1013 рет қаралды

26 мамыр кешке Израиль әскери-әуе күштері Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласына соққы беріп, Гаагадағы (Нидерландыда орналасқан қала) БҰҰ Халықаралық сотының бұйрығына қарамастан аймақтағы әскери операцияны жалғастырды. Шабуыл салдарынан палестиналық босқындарға арналған лагерьде өрт басталып, Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша  45 адам қаза тапқан.

 Халықаралық қауымдастық Израильдің әрекеттерін айыптап, Еуро Одақ санкциялар енгізу туралы ойлай бастады. Бұл әскери әрекетін Израиль Премьер-министрі “қайғылы ағаттық” деп атаса, АҚШ пен Батыс елдері шабуылды ашық сынады. Осы туралы Minber.kz сайты толығырақ тарқатып жазды.

24 мамыр 2024 жыл Халықаралық БҰҰ соты

Израиль әскері Біріккен Ұлттар Ұйымының соты қаладағы әскери операцияны тоқтатуға міндеттеген шешімінен кейін 2 күннен соң, Рафахқа шабуыл жасады. Соққыдан кейін Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 45 адам қаза тауып, 250-ге жуығы жарақат алған. Қаза тапқандардың жартысы ― әйелдер, балалар мен қарттар.

Израильдегі наразылық

фото: The Guardian

Жүздеген израильдіктер дүйсенбі Рафахтағы операцияға наразылық білдіру және бітімгершілікке шақыру үшін Израиль қалаларының көшелеріне шықты. Тель-Авивте әскери қимылдарды тоқтатуға шақыратын плакаттармен жиналды. Израильдің солтүстігіндегі Хайфада дәл осындай 250-ге жуық демонстрант жиналды. Бірақ бұл пікірді қолдамайтын тарап, наразылық білдірушілер мен бітімді талап еткендерді “сатқындар” деп, оларға “Протесті Газа секторына барып білдіріңдер” деді.

Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху бұл шабуылды “қайғылы ағаттық” деп атады және Израиль істі тергеуге кіріседі деп уәде берді. Израиль қорғаныс армиясының қолбасшылығы (IDF) да сот ісін жүргізуге уәде етті.

“Жазықсыз бейбіт тұрғындарға зиян келтірмеу үшін жасаған барлық күш-жігерімізге қарамастан, кеше түнде қайғылы ағаттық болды. Біз бұл оқиғаны зерттеп, қорытынды жасаймыз, өйткені бұл біздің саясатымыз”, – деді Нетаньяху Израиль парламентінде сөйлеген сөзінде. Кейін ол: “Мен діттеген мақсатқа жетпейінше, соғысты аяқтамаймын”, – деді.

Оқиғаға қатысты әлем не дейді?

Батыс БАҚ Вашингтон Израильді бейбіт тұрғындарды қорғау үшін сақтық шараларын қолдануға шақырды деп жазды.

“Біз Израиль бейбіт азаматтарды қорғау үшін барлық мүмкін шараларды қабылдауы керек деп анық айтамыз. Не болғанын түсіну үшін Израиль армиясымен және серіктестерімен белсенді байланыста боламыз”, – деді Ақ Үйдің кеңесшісі Джон Кирби.

Сонымен қатар ол АҚШ-тың пікірінше, Израиль тарапының Газадағы әскерилендірілген топтарға қарсы операцияларды жалғастыруға толық құқығы бар екенін атап өтті.

Дүйсенбіде The Jerusalem Post газетінің хабарлауынша, анклав шекарасына жақын жерде Египет пен Израиль әскери күштері арасында атыс болған.

Батыс БАҚ Мысырдағы дереккөздерге сілтеме жасай отырып, кем дегенде 123 гуманитарлық көмек пен жанармай жүк көлігі “Керем-Шалом” бақылау пунктін кесіп өткенін, бірақ Газа секторының азаматтарына көмектің әлі келмегенін хабарлады.

Парақшамызға жазылыңыз

Albina

Альбина Булатова

«Мінбер» ақпарат агенттігі ұйымдастырған «Азаматтық журналистер» жобасының 2023 жылғы түлегі

SDU University Журналистика мектебінің 1 курс студенті

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар