///

“Мінбер” дата журналистика және жасанды интеллект шеберханасына шақырады

2096 рет қаралды

Құрметті ақтөбелік журналистер!

Сіз  Датаға негізделген материал жасауды мақсат етіп, мақала жазуда жасанды интеллектің көмегіне жүгінгіңіз келе ме? Алайда, оған Сіздің Дата және жасанды интеллекті жайлы біліміңіз кедергі келтіре ме?

Ендеше «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының «Дата журналистика және жасанды интеллект шеберханасынан»  қапы қалмаңыз!

Тренинг Қазақстанның үш аймағында Павлодар, Ақтөбе және Қостанай өңірлерінің журналистері үшін ұйымдастырылады.

Алғашқы шара Павлодар қаласында, 23-24 мамырда өтеді деп жоспарланып отыр. Қатысушылар тренинг барысында өздерінің датаға негізделген жобаларын дайындайды. Жобаны жеке немесе топпен орындауға болады, әрі жоба орындауға қосымша уақыт беріледі.
Үздік деп танылған жобалар “Мінбердің” 15 жылдығы, ERG-дің 30 жылдығына орай өткізілетін “Дата журналистика және жасанды интеллект” фестиваліне жолдама алады және бағалы сыйлықтарға ие болады.
Ендеше тіркелуге асығыңыз!
Орын саны шектеулі және павлодарлық журналистер үшін тіркелу аяқталды. Ақтөбелік журналистер үшін тіркелу Маусымның 15-сінде аяқталады. Төмендегі сілтеме арқылы тіркелуге шақырамыз! Сәттілік!

Тренинг Ақтөбе қаласында Маусымның 27-28-і күндері өтеді.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар