//

Париж Олимпиадасы: жеңіл атлеттердің қайсысы үмітті ақтайды?

1022 рет қаралды

Фото: Владислав Семенов

Бірнеше күннен бері Парижге алаңдаған жанкүйер жүлде күтіп шаршады. Үстел теннисі шебері Кирил Герасименко да дзюдошы Нұрлыхан Шерхан да жарыс жолынан шығып қалды. Жолына үмітпен қараған боксшы Махмуд Сабырхан да үмітті ақтай алмады. Садақшы Дәулеткелді Жаңбырбай атты спортшымыз ұтылды.

Ертең жеңіл атлеттер жарысты бастайды. Биіктікке секіретін Надежда Дубовицкая мен Елизавета Матвееваның жолына үмітпен қараймыз. Африкадан аттай қалап алдырған қос желаяқ Нора Джеруто мен Дейзи Джепкимей де іріктеу сындарын бастайды. Туды сеніп тапсырған Ольга Сафронова тамыздың 4-і күні сынға түссе, 110 метрге кедергілер арқылы жүгіруші Давид Ефремов та сол күні бақ сынайды. 10000 метрге шабатын Дейзи Джепкимей, марафоншы Жанна Мамажанова да өз кезегін күтіп отыр.

Мамандар мен жанкүйер Нора қыздан үлкен үміт күтеді. Олимпиадаға жолдама беретін халықаралық жеңіл атлетика федерациясының талаптарын түгел орынлаған Нора басқа атлеттер сияқты квота күтпеді. Ендеше жеңіл атлетика сынына аттандырған жетеудің ішіндегі мықты осы — Нора.

Түгелбай Бисен, 

БҚО, Орал қаласы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар