//

«Дата журналистика және жасанды интеллект» фестивалі қалай өтті?

12389 рет қаралды
«Дата журналистика және жасанды интеллект» фестивалі қалай өтті?

19 қазан күні Алматыдағы «Ramada» қонақүйінде ERG қолдауымен Мінбер журналистерді қолдау орталығы ұйымдастырған дата фестиваль өтті. Мінбердің 15 жылдығына арналған ісшараға шамамен 60-тан аса адам қатысты. Оның ішінде медиатренерлер, өңірдегі журналистер және оқытушылар бар.

Фестивальда екі панельдік сессия мен төрт шеберлік сағаты ұйымдастырылды. «Дата және жасанды интеллект. Қазақ журналистері заманауи трендтерге қаншалықты дайын?» деп аталатын бірінші панельдік сессияда журналистиканың Қазақстандағы болашағы мен медиалардың мемлекеттік тапсырысқа жұмыс істеуі талқыланды. Қазақтілді және орыстілді журналистің еңбегі әртүрлі бағаланатыны да осында айтылды.

«Дата журналистика және жасанды интеллект» фестивалі қалай өтті?

Спикерлер ретінде IT-аналитик Тимур Бектұр, ҚазҰУ Ассоц-профессоры Қарлыға Мысаева, Internews Kazakhstan CAIIA бағдарламасының менеджері Бэлла Қасымқызы, “Азаттық” радиосының интернет-редакторы Мақпал Мұқанқызы және “Мінбер” жобасының координаторы, стратегиялық коммуникация маманы Бақыт Аманжолқызы сөз сөйледі. Панельдік сессия сұрақ-жауаппен аяқталды.

«Мінберге 15 жыл: Қазақ журналистикасында не өзгеріс?» атты екінші панельдік сессия түстен кейін өтті. Мұндағы спикерлер – “Айқын” газетінің бас редакторы Амангелді Құрметұлы, медиа сарапшы, журналист Асылхан Мамашұлы, “Kursiv.media” іскери порталының шеф-редакторы Риза Исаева, медиатренер Жұлдыз Әбділда және ERG өкілі Жанболат Серікбай.  Бұл жақта өңірлік журналистердің мүмкіндіктері, медиадағы цензура, жас журналистердің цифрлық технологияларды қолдана алуы сөз болды.

«Дата журналистика және жасанды интеллект» фестивалі қалай өтті?
Ары қарай Асхат Еркімбай chatgpt мүмкіндіктерін қолдану , Google Colab-та промпт жазу бойынша шеберлік сағатын өткізді.
«Дата журналистика және жасанды интеллект» фестивалі қалай өтті?
Жансерік Тілеухан жасанды интеллект жасаған суреттер және оларды оңай анықтау жолдары жайлы айтты.
«Дата журналистика және жасанды интеллект» фестивалі қалай өтті?
Елнұр Әлімова тергеу журналистикасында дата қолдану мен жұмысты жеңілдетіп беретін AI құралдарына тоқталды. Оразай Қыдырбаев Американ кәсіби журналистер қауымдастығының этика кодексі туралы айтып берді.
«Дата журналистика және жасанды интеллект» фестивалі қалай өтті?
Аян Ғиззат өткізген сессияда Canva, Capcut бағдарламалары арқылы қысқа уақытта видео монтаждау мен сапалы фотосурет/видеоматериал түсіру жолдары көрсетілді.
«Дата журналистика және жасанды интеллект» фестивалі қалай өтті?
Ал Newsroom журналистерінің жұмысында жасанды интеллект қолдануға қатысты Тимур Бектұр шеберлік сағатын өткізді. Мұнда Chatgpt, жалпылама AI құралдары туралы айтылды.

Барлық панельдік сессия мен шеберлік сағаты аяқталғаннан кейін марапаттау рәсімі өтті. Биыл жазда Minber қоры Ақтөбе, Қостанай және Павлодарда датажурналистика шеберханасын өткізген болатын. Оған өңірдегі журналистер қатысып, түрлі тақырыптарда дата стори жазды. Дата фестивальда үздік деп танылған дата сторилердің авторларына қаржылай сыйлықтар мен сертификаттар берілді.

Барлығы 11 адам марапатталды. Ынталандыру сыйлығын Мөлдір Гапиз, Руслан Алкеев және Нұргүл Қонақбаева алды. Бірінші, екінші және үшінші орындар Ақтөбелік журналистер Арайлым Букенбаеваға (1 орын), Райбек Сағадатовқа (2 орын), Меруерт Қалиеваға (3 орын) бұйырды.

«Дата журналистика және жасанды интеллект» фестивалі қалай өтті?
Бас жүлдені онкологиялық аурулар туралы дата стори жазып шыққан қостанайлық журналистер Заңғар Санай, Балауса Жүніс, Қайрат Елеусізов иеленді.
«Дата журналистика және жасанды интеллект» фестивалі қалай өтті?
«Ең креативті дата стори» номинациясы бойынша оралдық әріптестер Азамат Хамза, Динара Насыр марапатталды.

Данагүл Науқанова

Парақшамызға жазылыңыз
Редакция участвует в сети «Все СМИ».

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар