////

Бокс: Азия чемпионатына кімдер қатысады?

330 рет қаралды

Фото: www.sports.kz

Таиландтың Чианг Мэй қаласында 29 қараша мен 11 желтоқсан аралығында бокстан Азия чемпионаты өтеді. Биылғы олимпиададағы боксшыларымыз сәтсіздігінен кейін бапкерлік құрам ауысты. Мырзағали Айтжановтың орнын Қайрат Сәтжан басты. Күні кеше бас бапкер Азия біріншілігінде өнер көрсететін былғары қолғап шеберлерінің тізімін жариялады.

Жанкүйерлердің жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы Төрехан Сабырхан ұлттық құрамада болады-ау деген үміті ақталмады. Бас бапкер 2006 жылы туған боксшылар ұлттық құрамамен бірге алда өтетін халықаралық турнирлерде сыналатынын айтты. Жуырда аяқталған жастар арасындағы әлем чемпионатының өзге жеңімпаздарының ересектер арасындағы өнерін желтоқсанның 17-24 аралығында Қарағандыда өтетін ел чемпионатында көреміз.

Қазақстан ерлер құрамасының бапкерлік кеңесі Азия чемпионатына қатысатын боксшыларды бекітті. Енді осы құрамды назарларыңызға ұсынамыз.

Санжар Тәшкенбай, 48 келі;

Сәкен Бибосынов, 51 келі;

Махмұд Сабырхан, 54 келі;

Оразбек Асылқұлов, 57 келі;

Бийбарс Жексен, 60 келі;

Мұхамедсабыр Базарбайұлы, 63.5 келі;

Дулат Бекбауов, 67 келі;

Абылайхан Жүсіпов, 71 келі;

Диас Молжігітов, 75 келі;

Ерасыл Жакпеков, 80 келі;

Бекзат Нұрдәулетов, 86 келі;

Сағындық Тоғамбай, 91 келі;

Айбек Оралбай, 92+ келі.

Айта кетейік биылғы Азия чемпионаты қазақ боксшыларының ІВА туы астындағы соңғы ірі жарысы болады. Келер жылдан бастап біздің былғары қолғап шеберлері World boxing мүшесі атанады

Түгелбай Бисен,

БҚО, Орал қаласы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар