//

TikTok Қазақстандағы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ең белсенді насихаттаған әлеуметтік желі ретінде танылды

1958 рет қаралды

TikTok 2024 жылғы 8-13 қыркүйек аралығында Астана қаласында өткен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми ақпараттық серіктесі болған. Платформа ойынға қатысушылар мен ұйымдастырушылардың бет-бейнесі бар арнайы парақша ашқан еді.

Сондай-ақ, TikTok-та жарыстан тікелей эфирге шығуға және пайдаланушылар #WorldNomadGames2024 хэштегі бойынша іс-шара туралы бейнелер түсіре алатын мүмкіндікке ие болды. Жобаның мақсаты – еліміздің түкпір-түкпірінен тамашалаған қазақстандықтарға осы қызықты спорттық және мәдени іс-шараға виртуалды түрде қатысуға және көшпелі мәдениеттің бірегей рухын платформаның халықаралық аудиториясымен бөлісуге мүмкіндік беру еді.

Бұл әлеуметтік желідегі насихаттау Қазақстан президенттің тапсырмасына сәйкес жүргізілді. Көшпенділер ойындарында, қазақтың ұлттық ойындарын дәріптеу бойынша, TikTok желісінде отандық және шетелдік блогерлермен қатар жеке акаунттарда жалпы саны 7350 видео жүктелді. Ал видеолар 84 028 201 қаралым жинаған. Бұл көрсеткіш ұлттық ойындарымыздың насихатталуына ерекше серпін берді, дейді мамандар. Айта кету керек, көшпенділер ойындарының PR-ы және TikTok әлеуметтік медиа жарнамасына қолдау білдірген бас серіктес Samruk Kazyna қоры мен Туризм және спорт министрлігі жанынан құрылған Спортты қолдау қоры болатын.

Астанадағы дүбірлі доданың ашылу және жабылу салтанаттарын және сахна сыртындағы қызықты көріністер мен бірегей эфирлерді қоса алғанда TikTok LIVE форматында ойындар тікелей эфирде көрсетілді. Жоба арқылы миллиондаған TikTok пайдаланушылары ойындардың негізгі сәттері туралы біле алды, командалардың ойындарын қадағалай алды және көшпелі мәдениеттің үлкен мерекесінің рухын сездірді. TikTok барлық пайдаланушыларды ұлттық командаларды қолдауға, контентті қадағалауға, қатысушыларды қолдауға, сондай-ақ #WorldNomadGames2024 хэштегі бойынша 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бірегей сәттері туралы өз әсерлерімен бөлісуге мол мүмкіндік берді.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар