///

Менің қазағымның ханымдары

2240 рет қаралды
Менің қазағымның ханымдары!
Оңтүстік азияның күңдеріндей етегін сүйретіп именшіктемеген…
Таяу шығыстың әйелдеріндей келбетін жасырып төменшіктемеген…
Батыс еуропаның кемпірлеріндей мысыққа мауығып қартаймаған…
Ресейдің ойыншық ханшайымдарындай тас қамалда сарғаймаған…
Менің қазағымның ханымдары!
Салты басқа жапондағыдай арқасы тесілгенше еңкеймеген…
Жазадан қорқып қытайдағыдай көз жасына тұншығып меншіктелмеген…
Жат сенімге иланып, пұтқа табынып шешінбеген…
Жалаңаштанып есіріп көкке қарап түкірінбеген…
Менің қазағымның ханымдары!
Құқы шектелмеген ағылшындай күйеуінің төбесіне ойнақтамаған…
Миы айналған үндідей иесіне жағынып жалбарынбаған…
Әдептен асқан америкадағыдай кездескеннің бәріне «ғашық» болмаған…
Арын ұмытқан шығыс азиядағыдай барын ашып қонақ үйлерде түнемеген…
Менің қазағымның ханымдары!
Кемер белбеу буынып, көк сауыр етік тебініп,
Шексіз байтақ кеңістікте тұлпарын еркін көсілтіп,
Бабадан қалған мұрасы, киелі қазақ жерінде
Батыр ұландарын баулыған біздің асыл АНАЛАРымыз…
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Ту — тек мата емес, тағдыр

Фото: sports24.kz Өткен аптада ел журналистері мен әлеуметтік желідегі белсенділер Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстанның

Олимпиадаға бір ай қалды

Фото: t.me/olympickz Италияның Милан және Кортина д’Ампеццода өтетін 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының басталуына тура бір