Фото: pixabay.com
Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Осы жылдың қыркүйек айында Қазақстанның АҚШ-пен тікелей әуе қатынасын ашуға қажетті мәртебе алу рәсімі аясында FAA IASA сарапшыларының сапары күтілуде. Бұл туралы Үкімет отырысында Қазақстанның Авиациялық әкімшілігінің басшысы Майкл Дэниел мәлімдеді. Мамандар ұлттық заңнама мен қадағалау тәжірибесінің халықаралық стандарттарға сәйкестігін бағалайды. Осыған байланысты Азаматтық авиация комитеті ішкі бақылауды күшейтуді жалғастыруда: ведомствоның қадағалауында 104 эксплуатант, 973 әуе кемесі және 25 сертификатталған әуежай бар. Өткен жылы және осы жылдың бірінші тоқсанында 1,2 мыңнан астам тексеру жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша бұзушылықтар үшін 7 авиакомпанияның, 4 оқу орталығының және 2 сервистік ұйымның қызметі уақытша тоқтатылды немесе толықтай тоқтатылды. Сонымен қатар «Best Airport Service» жобасы аясында жолаушыларға қызмет көрсету сапасына аудит жүргізілуде: биылғы жылы Қарағанды, Семей және Қызылорда әуежайлары алты айлық жаңғырту бағдарламасынан өтуде.
