АҚШ пен Қазақстан су тасқынының алдын алу үшін бірікті

67 рет қаралды

Фото: gov.kz

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, вице-министр Аслан Абдраимов АҚШ Елшілігінің және қар жамылғысын әуе арқылы мониторингтеуге маманданған Dynamic Aviation және Airborne Snow Observatories Inc. компанияларының өкілдерімен кездесті.

Тараптар заманауи авиациялық технологияларды қолдана отырып, қарды бақылау, су тасқынын ерте ескерту және көктемгі су ағынын болжау саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша бұл бағдарламаны кезең-кезеңімен іске асыру туралы шешім қабылданып, алғашқы жұмыстар сынақ ретінде Жабай өзенінің бассейнінде жүргізілетін болды. Мұнда авиация көмегімен қар көлемі жоғары дәлдікпен өлшеніп, алынған ақпарат министрліктің жүйелеріне енгізіледі.

Бұл әдіс отандық мамандарды оқытуға және жобаны еліміздің басқа өңірлеріне кеңейтудің тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Ұзақ мерзімді келешекте бұл технологияны Қазақстанның барлық аумағына масштабтау, су тасқыны тәуекелдерін азайту және климаттық тұрақтылықты арттыру көзделген.

Вице-министр Аслан Абдраимов бұл жобаның су тасқыны қаупін төмендетіп, халықты, инфрақұрылымды және ауыл шаруашылығын қорғауға мүмкіндік беретін тиімді құрал болатынын атап өтті.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар