Kaspi.kz қолданушылары үшін Apple Pay қызметі іске қосылды

100 рет қаралды

Фото: kaz.zakon.kz

Zakon.kz ақпараттық порталының хабарлауынша, Kaspi.kz суперқосымшасында көптен күткен Apple Pay қызметі іске қосылды.

Енді компания клиенттері әлемнің кез келген нүктесіндегі дүкендерде, түрлі қосымшаларда және интернет желісінде iPhone, Apple Watch, iPad және Mac құрылғылары арқылы оңай төлем жасай алады. Kaspi Gold картасын Apple Pay-ге тікелей Kaspi.kz қосымшасы арқылы немесе iPhone құрылғысындағы стандартты Wallet әмиянына кіріп, бірнеше секунд ішінде қосуға болады.

Компания басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе бұл жаңашылдықтың қолданушылар тарапынан ең жиі түскен өтініштердің бірі болғанын атап өтті. Оның айтуынша, көптеген клиент Kaspi Gold картасын Apple Pay-ге қосып, әсіресе шетелдік сапарларда iPhone немесе Apple Watch арқылы есептегісі келген. Енді бұл мүмкіндік толықтай қолжетімді және ол картаны кез келген жағдайда: Қазақстанда, саяхатта немесе онлайн саудада бұрынғыдан да ыңғайлы ете түспек.

Apple Pay жүйесі байланыссыз төлем қабылданатын барлық жерде — супермаркеттерде, дәріханаларда, мейрамханалар мен кофеханаларда кедергісіз жұмыс істейді. Құрылғы арқылы есеп айырысу үшін гаджеттің бүйірлік батырмасын екі рет басып, Face ID, Touch ID немесе құпиясөз арқылы растап, POS-терминалға жақындату жеткілікті.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар