Фото: pixabay.com
Орталық коммуникациялар қызметі Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап хабарлағандай, балалардың білім беру-сауықтыру орталықтарына (бұрынғы балалар лагерлеріне) лицензия беру толық онлайн форматқа көшті. Енді ұйымдар рұқсат құжатын eLicense.kz порталы арқылы үйден шықпай-ақ ала алады.
Биылдан бастап еліміздегі мемлекеттік және жекеменшік барлық балалар лагерлері үшін міндетті лицензиялау енгізілді. Осыған байланысты олардың ресми атауы да «балаларға арналған білім беру-сауықтыру орталығы» деп өзгерді.
Лицензия алу үшін eLicense.kz порталында өтінім толтырып, мемлекеттік баж салығын төлеп, ЭЦҚ арқылы қол қою керек. Құжат 5 жылға беріледі, ал өтініш 30 жұмыс күні ішінде қаралады. Орталықтарға қойылатын басты талаптар: медициналық көмектің, қауіпсіздік жүйесінің, арнайы бағдарламалардың болуы және санитариялық нормалардың сақталуы.
Жаңа жүйе Оқу-ағарту министрлігі, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен «ҰАТ» АҚ-ның бірлескен жұмысының арқасында іске қосылды.
Парақшамызға жазылыңыз
