//

Қазақстандық екі палуан – әлем чемпионы

49 рет қаралды

Фото: t.me/sport_comiteti

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі палуандар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екі алтын медаль жеңіп алды. Грек-рим күресінен сынға түскен Юсуф Ашрапов пен Айбек Айтбеков әлемдік додада топ жарды.

72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Юсуф Ашрапов финалда Армения палуаны Гаспар Тертерянмен кездесті. Тартысқа толы белдесу 4:3 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына шешілді. Осылайша, Юсуф Ашрапов осыған дейін екі рет жеңілген армяндық спортшыдан есе қайтарып, U23 санатындағы әлем чемпионы атанды.

60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Айбек Айтбеков те жоғары шеберлігімен көзге түсті. Ол жартылай финалда Украина өкілі Евген Поковбаны 5:4 есебімен жеңіп, ақтық сынға жолдама алды. Ал шешуші белдесуде Әзербайжан спортшысы Елмир Алиевті 13:4 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының алтын медалін иеленді.

Қазақстан құрамасының өзге өкілдері де жүлделі орындар үшін күресті жалғастыруда. 87 келіге дейінгі салмақта Темірлан Тұрдақын жартылай финалда Ресей балуанын 2:1 есебімен жеңіп, финалға шықты. Енді ол алтын жүлде үшін Иран өкілі Ясин Әли Яздиге қарсы белдеседі.

Ал 130 келіге дейінгі салмақтағы Джохар Узаров жартылай финалда қарсыласына 0:5 есебімен есе жіберді. Енді отандасымыз әлем чемпионатының қола медалі үшін сынға түседі.

БҚО, Орал қаласы,

Түгелбай Бисен

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар