Қазақтың аса дарынды өнер қайраткері, музыка зертеушісі, дәулескер күйші, композитор, шебер дирижер Қабыкей Ақымерұлының өмірі мен өнегесі өскелең ұрпағына үнемі үлгі болып, қайталап жаңғырып, олардың жадында мәңгі жасай береді,- Бурылалтай
Қабыкей Ақымерұлы, қазақ қайраткері

Соңғы жазбалар
Неге Қазақстандағы бизнес қазақша сөйлеуге асығар емес? Қазақ тілді аудиторияның шынымен ақшасы жоқ па? Қазақша жарнамада
Вице-Президент Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысын өткізді Вице-Президент
Жаңа Салық кодексі бюджет кірісін арттыруды көздегенімен, оның экономикалық және әлеуметтік салдарына қатысты сұрақ көбейді. ҚҚС
Алматы мен Астанадағы концерттер, көрме, кино және экскурсиялар.
Астанадағы күрестен әлем чемпионаты, U19 боксшылардың жеңісі, дзюдо және садақ ату.
Нью-Йорктен Анкараға, Отырардан Парижге дейін — аптаның мәдени жаңалықтары.
Фото: М. Әділбекұлының жеке архивінен Жындыханада 37 күн негізсіз ұсталған Мұхаммад Әділбекұлының жеке шағымы қанағаттандырылды. Бұл
Ұлттық банк 29 қазанға доллар бағамын 457,09 теңге деп белгіледі. Теңгеге не әсер етіп жатыр және
Шетелдік БАҚ аккредитациясының жаңа тәртібі, Құрылтайдағы шектеулер, «Азаттық Азия» тілшісінің ісі және TikTok эфирі үшін қамау:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазанда Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ел тәуелсіздігі мен егемендігін қорғауға қатысты мәселелердің
Күй
(Қабыкей Ақымерұлына)
Көкейінен күмбірлі күй өрілген,
Қаймананың қайғысын түйе білген.
Сара ала қаз сұңқылдап, жалғыз аққу
Азалы үні өтеді сүйегіңнен.
Күрті тентек көпіріп күркіреген,
Үйір-үйір жылқыны-ай дүркіреген.
Ақиықтай асқақтап саңқылдаса,
Ақ жаңбырдай арындап сіркіреген.
Бәйбішенің биіндей былқылдаған,
Бұлағындай Бұлғынның сылқылдаған.
Күрпілдетіп келіннің кесте тігіп,
Инесінің ізіндей жылтылдаған.
Ай қасқасын жамбымен сүрмелетіп,
Ақ кежімін шашақтап, бүрмелетіп.
Бозжігіттер өткендей бебеулетіп,
Қызды ауылдың сыртынан түнделетіп.
Апай төсін аруға түймелетіп,
Қыз-бозбала қасына үймелетіп.
Естіген жан отырар есі кетіп,
Әр бір түрлі әдемі күйге кетіп.
19.04.2008ж.
Қабыкей деген атақты күйші ол кісінің “Күрті тасқынын” айтсаңшы! Деген сөздерді халық арасынан көп еститін едім және сол күйді тыңдағанда расымен Күртінің жағасында тұрғандай әсерге бөлеп керемет жігерлендіріп, серпітіп, сергітіп жіберетіндігін несін жасырайын! Жаны жанатта болсын!!!
Бұл кісілер әдемі қартайған, ақылы азбаған, кісілікті, көшелі қариялар ғой. Әнебір шалдар сияқты емес.