Қырғыз Президенті Алмазбек Атамбаев елдегі тарихшы ғалымдармен өткен кездесуінде Ресей Президенті Путинмен болған әңгіме жөнін айта келіп, “Мен Путинге географияда, оның ішінде орыс жерінде жер-су атуларының дені түркі тілінен шыққанын айттым. Мысалы, Байкал – “бай көл” деген сөзден шыққанын, Саратов – Сары тау деген мағынаны білдіретінін айтып бердім. Ол күлді де: “Жарайды, сөздің төркіні сіздерден шыққан екен, бірақ ол жерлерді қайтаруды өтінбеңіздер, деді”,- деген.
Атамбаев айтыпты…

Соңғы жазбалар
Қыркүйектің 10-нан бастап еліміздің барлық кинотеатрында болған оқиға желісімен түсірілген «Қара алтын» мотивациялық бизнес-драмасы көрсетіле бастады.
Орал қаласында қазанның 1-інен бастап қоқыс шығару тарифі 659 теңге болады. Осылайша шаһарда қатты тұрмыстық қалдықтарды
Орал қаласының күніне орай Жайық жағасын жетінші рет ат дүбіріне бөлеген «Жайық жүйрігі – 2026» өтті.
ҚПЛ 26-туры аясындағы кездесуде «Қайрат» өз алаңында Қостанайдың «Тобыл» командасынан 1:4 есебімен жеңілді. Кездесу барысында алматылықтар
СУҒА КЕТКЕН ТАЛ ҚАРМАЙДЫ Отыра берсем отыра беретін-мін. Мен ондай еркіндікке жеткен жоқпын. Орнымнан әзер тұрып
Соңғы бірнеше айдан бері Ақтөбе қаласында жаңадан салынатын мыс өңдеу зауытына қатысты айтарлықтай қоғамдық пікірталас жүріп
«Адамдардың басын қосамыз, қалдықтарды сұрыптаймыз!» Бұл «Recycle Бірге» экологиялық қозғалысы ның ұраны. 2018 жылдан бері жұмыс
Өткен ғасырдың басында «Қара қыпшақ Қобыланды» жыры жеке кітап болып басылып шығады. Осы кітапқа кезінде (сөз
31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғыстанда өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары мәресіне жетті. Дала спортының
Тергеу журналистерінің халықаралық консорциумы – ICIJ сайтында 14 тамызда жарияланған мақаланың атауын қазақ тіліне аударсақ: «Қазақстанның
“Орынбор” атты өлеңімді осы жерге орналастырып қойсам орынды екен:
Біз мықтан, сақтан, ғұннан басталамыз,
Киіз үй, киелі ошақ баспанамыз.
Талайды тәнті еткен салтанаты,
Болыпты небір сарай, тас қаламыз.
Отырар ол бір ғажап жатқан аңыз.
Іздері жарқырайды басқан абыз.
Барында оралыңның орап өтіп,
Айтуға ақиқатты жасқанамыз.
Күн сайын сұлу сөзге мас боламыз.
Баласын, барын сатқан масқарамыз.
Алтын күн астындағы, алтын басқан
Көзінде көбеңдердің жас қараңыз.
Өседі кімге қарап жас баламыз,
Өзгенің ілімімен басқарамыз.
Қой жүнін қораш көріп, ал біреудің
Бөстегін жидіп кеткен жастанамыз.
Халал мен харам болды асханамыз,
Оймақтай орын тимей баспанамыз.
Орысқа ордамыздан ойып берген
Орынбор ол да біздің астанамыз.
Осыны білмей ме екен түн жүрегі.
Бір иттер терістіктен күнде үреді,
Сарытау, Баран ауыл, Түмен, Омбы
Алаштың ата жұрты кім біледі?
Қозғама, Алаш еспен аштаразбыз.
Бәжектеп батыс десе бас саламыз.
Әр елдің қорымынан құрастырған,
Әдемі Астана ғой бас қаламыз.
Адамдық Астанамыз ақ, қарамыз,
Іштегі шерді соған ақтарамыз…
Алайда, бәрін қойып
Орынборға
Апарар аламанда ат қараңыз!
28.05.2014ж
Осы Атамбаев алаштың тарихын алаштан артық біледі екен. Қазақ Елі Алтын Орда мемлекетінің мұрагері екенін айтып салды.