///

Жер сатуға қарсылық қоғамдық сипат алып барады

610 рет қаралды
3

2016 жылдың 1 шілдесінен бастап, күшіне енеді деп жоспарланған ауылшаруашылығы нысанындағы жерлерді аукцион арқылы сату және шетелдіктерге 25 жылға жалға беру туралы “Жер кодексіне енгізілген өзгерістер мен түзетулерге” орай Атыраудан басталған наразылық акциялары Семейде, Ақтөбеде жалғасты. Қоғам, әсіресе, жерді шетелдіктерге 25 жылға жалға беруге наразы. Өйткені, 25 жыл шетелдіктер пайдаланған жердің түте-түтесі шығып, түгі де қалмайды деген пікірде. Осы пікірді жақтаған бірнеше өнер өкілі Алматыда өз наразылықтарын білдірді. Бұл бейбіт шерулер әлі де жалғаса беруі мүмкін. Билік әзірге жерді сату райынан қайтпайтынын және жерді шетелдіктерге беруді табандап тұрып қорғайтындығын білдірді. Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІҮ сессиясында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жерді сатуға қарсылық танытып алаңға шыққандардың арасында босқындар мен қашқындардың бар екенін және әлдебір сыртқы күштердің әсерінен болуы мүмкін екендігін айтты.

“Мінбер-ақпарат”

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. Жерімізді сату деген бос әңгіме. Ешкім оны сатайын деп жатқан жоқ. Тек пайдасын көру үшін жасалынып жатқан әрекет.

  2. Ханға имеген басымды,
    Қара тауға иемін!
    Жатқа имеген басымды,
    Ала тауға иемін!
    Алтай тауда жаралған,
    Маңғыстаудан нәр алған,
    Шыңғыс тауда шыңдалып,
    Ұлы тауға таралған,
    Көктейді:
    Көп боп,
    Көк болып,
    Бөтенге қимас сүйегім!
    2016 ж

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

“Мінбер” қорына 15 жыл!

“Мінбер” журналистерді қолдау орталығы 15 жыл бойы қазақ журналистерінің біліктілігін арттыруға өлшеусіз үлес қосып келеді. Ұлы

Махаббат, тізгін және Отан

Нұртай Нұрсапаұлы алдыңғы күні 60-қа толған. Кіндік қаны Алтайдың сонау өрінде, Ертіс бойында тамғанымен, ес біліп,