
Алматыда Абай атындағы Опера және балет театрында Қазақстан жазушылар одағының кезекті XV құрылтайында белгілі ақын Ұлықбек Есдәулет Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының жаңа Төрағасы болып тағайындалды , – деп хабарлайды Абай-ақпарат.
Құрылтайды ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ашып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын оқып берді. Жиында негізгі баяндама жасаған Жазушылар одағының бұрынғы төрағасы Нұрлан Оразалин қаламгерлер одағы атқарған жұмыстарға кезең-кезеңімен шолу жасап өтті.
«Қазақстан жазушылар одағы Кеңес одағы кезіндегідей идеологиялық құрал емес. Олай болуы да мүмкін емес. Біз құқықтық қоғамда өмір сүріп жатқан еркін қаламгерлердің еркін бірлестігіміз. Ондаған, жүздеген қоғамдық ұйымдар сияқты біз де қоғамдық бірлестіктердің бірі ғанамыз. Заңда көрсетілген талаптарға сай жарғымызда көрсетілген баптарға байланысты өмір сүруге міндеттіміз. Бүгінде одақтың құрамында 780-нен астам қаламгер бар. Әдебиет дейтін киелі ұйымға 84 жыл ие болған Жазушылар одағының жұмысын түгел түгендеу мүмкін емес, біз соңғы 5 жылда атқарылған жұмыстарды айтып шықтық. Ұйым одақ негізін қалаған Алаш арыстары заманында да, одан кейін Мұхтар, Ғабиттер басшылық еткен кезеңде де жойылып кетпеген. Жазушылар одағында өткен 22 жыл мен үшін үлкен мектеп болды. Барлығыңызға алғысымды айтамын. Өзіме бата берген ағаларым аруағы алдында басымды иемін. Осы мінбеден барлығыңызға ризашылығымды айта отырып, төрағалыққа сайлауға түспейтінімді жеткізгім келеді. Енді жаңадан сайланатын бауырларымызға сәттілік тілеймін. Әдебиетіміз мәңгі болсын!», – деді Нұрлан Оразалин.
Ал, Жазушылыр одағының жаңа басшысы Ұлықбек Есдәулет болашақта “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында жаңа серпінмен жұмыс жасайтынын мәлімдеді. Одақ төрағасының орынбасарлығына Бақыт Беделхан, Ақберен Елгезек секілді елге белгілі қаламгерлерді ұсынды.
Біз Жазушылар одағының жаңа құрамын құттықтап, істеріне сәттілік тілейміз!
Abai.kz
Ұлықбек Есдәулет Жазушылар Одағының төрағасы болып сайланды

Соңғы жазбалар
Сараман жолы Алматыда Ұлттық кітапханада академик Мұхтар Құл-Мұхаммедтің «Сараман жолы» атты “Атамұра” баспасынан жарық көрген (Президенті
Құрылтай онлайн-платформалар мен масс-медиа туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжат қабылданса, әлеуметтік желілер заңсыз контент
Атырау қаласында қуаттылығы жылына 200 мың тонна қалдық қабылдауға жететін жаңа қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигонының
Құрылтай «Мінбердің» Қоғамдық палатаға қатысты сауалына жауап берді. Жауапта журналистерді палата отырыстарына шақыру төрт адамнан тұратын
Фото: Minber.kz Станция басшысының айтуынша, шілдедегі «Жеделемес жәрдем» редакциялық тергеуінен кейін жөндеуде тұрған көліктер іске қосылды.
Қоғамда FlyArystan әуе компаниясына қатысты сын жиі айтылады. Ол – билет ауыстыру құны, рейстердің кешігуі, қосымша
Фото: ҚР ҰОК Қазақстан құрамасы жазғы жасөспірімдер Олимпиадасының төрт кезеңінде 11 алтын, 9 күміс және 12
Фото: kazchess.kz Сербияда өткен шахматтан ардагерлер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды. 50
Филиппин аралдарының астанасы Манила қаласында Қарашаның 5-7 күндері Азияның Медиа ақпарат және коммуникация орталығының ұйымдастыруымен (Asian
Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан дзюдодан әлемдік Гран-при турнирінде Қазақстан құрамасы жарыстың алғашқы күнін аяқтады. Отандастарымыз