///

АҚЫТ қажы ҮЛІМЖІҰЛЫ  жайында зерттеу еңбек оқырманға жол тартты

3736 рет қаралды
1
АҚЫТ қажы ҮЛІМЖІҰЛЫ  жайында зерттеу еңбек оқырманға жол тартты

Ғылыми еңбектің авторы – танымал айтыскер, “Сүтті іңір”, “Бүлдірген ағып түскенше”, “Шертолғақ”, “Бөрісырғақ”, “Терісбұрау” жыр жинақтарын шығарған белгілі жазба ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәулеткерей Кәпұлы.

АҚЫТ қажы ҮЛІМЖІҰЛЫ  жайында зерттеу еңбек оқырманға жол тартты

Есімі қалың елге өнерпаз ретінде кең таныс Дәулеткерейдің бұл еңбегі қазақтың көрнекті ақыны, ағартушы, дін қайраткері Ақыт қажы Үлімжіұлының (1868-1940) өмірі мен шығармашылығына арналған. Кітаптың жалпы редакциясын басқарған – ҚР ҰҒА академигі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Сейіт Қасқабасов. Ақыт Үлімжіұлының 150 жылдық мерейтойына орайластырылып шығарылған кітаптың алғы сөзінде автор: «Бұл еңбегімді жастайымнан Ақыт қажының жырын жаттатқан әкем Кәп Құмарұлының рухына арнаймын» деп көрсетеді. Шығармашылық кеште Дәулеткерейдің анасы, белгілі ақын Егеухан Мұқамәдиқызы қатысты. Кітап Астанадағы “Фолиант” баспасынан жарық көрді.
АҚЫТ қажы ҮЛІМЖІҰЛЫ  жайында зерттеу еңбек оқырманға жол тарттыАҚЫТ қажы ҮЛІМЖІҰЛЫ  жайында зерттеу еңбек оқырманға жол тарттыАҚЫТ қажы ҮЛІМЖІҰЛЫ  жайында зерттеу еңбек оқырманға жол тартты

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басында Қазан қаласынан тоғыз кітабы басылған Ақыт ақынның мұрасы Қытай мен Моңғолия қазақтары арасында кең тараған. Ақыттану ілімі де сол жақта басталған екен. Ақын туралы алғашқы зерттеу жазған ғалымның бірі – филология ғылымдарының докторы Қабидаш Қалиасқарұлы тұсаукесерге арнайы келіп, Дәулеткерей бауырының шығармашылығына табыс тіледі.
Ақыт Үлімжіұлының өмірі мен шығармашылығын жақсы танитын тарих ғылымдарының докторы, белгілі түркітанушы ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы; тарих ғылымдарының докторы, қаламгер Тұрсынхан Зәкенұлы; филология ғылымдарының докторы, профессор, қытайтанушы Дүкен Мәсімханұлы еңбектің жарық көргеніне қуаныш білдіріп, тақырыптың терең зерттелуін, тағдырлы жырлардың кең насихатталуы керектігін айтты.
АҚЫТ қажы ҮЛІМЖІҰЛЫ  жайында зерттеу еңбек оқырманға жол тарттыАҚЫТ қажы ҮЛІМЖІҰЛЫ  жайында зерттеу еңбек оқырманға жол тарттыТұсаукесерде белгілі өнерпаз Айбек Бекбосын күйден шашу шашып, Дәулеткерейдің шәкірті Мейірбек Сұлтанхан арнау айтса, әнші Аллажар Қайбарұлы Ақыт ақынның “Ер Жәнібек батыр” дастанынан үзінді орындады.
АҚЫТ қажы ҮЛІМЖІҰЛЫ  жайында зерттеу еңбек оқырманға жол тарттыАқыттану саласына қосылған сүбелі еңбектің авторы, әріптесіміз, досымыз Дәулеткерей Кәпұлын ғылыми монографиясымен құттықтап, ұлт рухын асқақтататын құнды кітаптар көбейе берсін деген тілек білдіреміз.

Қайырбек Кемеңгерұлы, ЕҰУ-дің доценті

Сурет: Жантегін Қаржаубайұлы

Парақшамызға жазылыңыз
Редакция участвует в сети «Все СМИ».

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар