//

ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз хатшысы – Зарина Нұрланова

1243 рет қаралды

“ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз хатшысы болып Зарина Нұрланова тағайындалды”,- деп хабарлайды Премьер-министрдің баспасөз қызметі.

“ҚР Премьер-Министрінің өкімімен Зарина Нұрланқызы Нұрланова ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметінің басшысы — ҚР Премьер-Министрінің баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды” делінген хабарламада.

Зарина Нұрланова 1986 жылы Алматы облысының Талдықорған қаласында дүниеге келген. 2008 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «әлеуметтану» мамандығы бойынша, 2017 жылы «КАЗГЮУ университеті» АҚ және UBIS университетін іскерлік әкімшіліктендіру мамандығы бойынша тәмамдаған. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

Еңбек жолын 2009 жылы «Arna Media Advertising» ЖШС менеджері ретінде бастаған. Түрлі жылдары «Қазконтент» АҚ атқарушы, басқарушы директоры, басқарма төрағасының орынбасары болып қызмет еткен, Еуразиялық интеграция институтын басқарған, сондай-ақ, ҚР ақпарат және коммуникациялар министрінің кеңесшісі лауазымын атқарған.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Шымкентте “Телекоммуникация тақырыбын жазуда ЖИ құралдары журналистерге қалай көмектеседі?” тақырыбында тренинг өтеді. Тіркелуге асығыңыздар

Құрметті “Мінбердің” оқырмандары  сіздер үшін біздің жақсы жаңалығымыз бар. «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы Kсell және Ericsson

Желаяқтар қос қола иеленді

Бахрейннің Манамада қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының жеңіл атлетика додасында 3000 метрге жүгіру сайысында