///

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы білгіңіз келсе, тренингке қатысыңыз!

2021 рет қаралды

«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қоры “ERG Komek” корпоративтік қорының қолдауымен  аймақтық журналистерге арналған «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жайында жазудың ерекшеліктері: (ERG мысалында)» атты онлайн тренингтер сериясын жоспарлап отыр. Тренинг Қазақстанның үш аймағында Павлодар, Қостанай және Ақтөбе өңірлерінің журналистері үшін ұйымдастырылады. Тренинг соңында журналистер арасында өз өңірлеріндегі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі қаншалықты орындалып жатыр, тұрғындар қатысу бюджеті туралы не біледі, аймақтағы экологиялық ахуал өндірістен келетін зияннан қаншалықты қорғалған, т.б. тақырыптар негізінде конкурс ұйымдастырылады. Әр өңірден үздік үш материал таңдалып алынып, ақшалай сыйлықтарға ие болады.

Бизнес және экономикалық жаңалықтарды дайындаудың қыр сырына қанығып, әрі қомақты жүлдеге ие болғыңыз келсе, асығыңыз. Шараға қатысуға ниетті әрбір журналист төмендегі форманы толтыруы қажет.

Шара 16-қараша мен 5-желтоқсан аралығында өтеді деп жоспарланып отыр. Әр өңірдің журналистері үшін тренинг жеке-жеке ұйымдастырылмақ.  Қапы қалмаңыздар! Әсіресе Павлодар өңірінің журналистері асығыңыздар! Сіздердің тренингтеріңіз 16-қарашада басталмақ.

Шараға тіркелу үшін мына сілтемені басыңыз.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі