//

Оқушылар Ashyq қосымшасын жүктеп алуға міндетті ме?

907 рет қаралды

Бұл туралы  Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте  «1 қыркүйектен бастап «Ashyq» қосымшасы мектептерде де енгізіледі. Ата-аналар не істеуі керек? Баланы өз логинімен кіргізе ме?» деген сұрақ қойылып, оған Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан  Есмағамбетова жауап берді.

Спикердің  айтуынша, ата-аналар мен балалар үшін ешқандай мәселе туындамайды.

«Мектептегі «Ashyq» қосымшасы оқушылар  емес, қызметкерлер үшін қойылды. Вирусты таратпас үшін науқаспен байланыста болған немесе ПТР тест нәтижесі оң мұғалімдер мен қызметкерлерді мектептерге жібермеудің  маңызы зор. Ата-аналар балаларды тек  кіреберіске апарады, одан әрі өздері кіреді.

Ал егер ата-ана мектепке шақырылса, онда ол қосымша арқылы кіреді».

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі