///

Қазақ баспасөзінің қайраткері

1346 рет қаралды

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы әкімдігінің қолдауымен Манап Көкенов атындағы Жаңақорған аудандық мәдениет үйінде «Тұлға. Тарих. Тағылым» атты Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, “Құрмет”, ” Парасат” ордендерінің иегері, журналист, баспагер, аудармашы және публицист Нұрмахан Оразбекті еске алу кеші өтті.
Кешке жиналған қауым қаламгердің кітаптарымен танысып, “Қазақстан” баспасынан жарық көрген кітаптар көрмесін тамашалады.

Алғашқы құттықтау сөз алған аудан әкімі Руслан Рүстемов: «Қаламгер – рухани күштің қайнар бұлағы секілді замана бейнесін зиялы көзбен шеберлікпен суреттейтін шығармашылық өкілі. Бұл тұрғыда Нұрмахан Оразбек – бейбіт өмірдің батыры, қазақ баспасөзінің қайраткері, халықтың мұң-мұқтажын жүрек сүзгісінде саралаған замана заңғары» деп атап өтті.
Баспагер Нұрмахан Оразбектің ісін жалғаушы “Қазақстан” баспасының директоры, асыл жары Адия Әбдірәйімқызына ерекше құрмет көрсетіп, алғысын білдірді.
Қаламдас әріптестері Мамадияр Жақып, ақындар Исрайл Сапарбай, Серік Ақсұңқарұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Исаның лебізін экраннан тамашалаған көпшілік
Түркістаннан келген ақын Нұрмахан Назаров, Н.Төреқұлов атындағы халықаралық қор басшысы Әбдіжаппар Сапарбай, жазушы-сатирик Нұрмахан Елтайдың естеліктерін тыңдады.
Ауыл балаларына базарлық!
Кеш соңында Жаңақорған ауданына қарасты Қандөз ауылдық кітапханасына журналист, баспагер, публицист, аудармашы Нұрмахан Оразбектің кітаптары мен жеке мұрағатынан, сонымен бірге “Қазақстан” баспасынан шыққан құнды дүниелерді тапсырылды.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі