/////

Оралда ММА-дан халықаралық турнир өтті (фото)

8282 рет қаралды
Оралда ММА-дан халықаралық турнир өтті (фото)

Оралда алғаш рет 11 маусым күні қалалық мәдениет және демалыс саябағында қала әкімдігінің, спорт бөлімінің, мәдениет бөлімінің, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы аралас жекпе-жек Академиясының және облыстық ММА Федерациясының қолдауымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығына арналған FFC-34 GLOBAL 9 халықаралық промоушен турнирі өтті.

Аталған турнирге отандастарымыздан бөлек Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей елдерінің спортшылары қатысты. Мұндай іс-шара алғаш рет ашық аспан астында және жоғары деңгейде өткізілді. Айқастың нәтижесінде қазақстандық спортшылар барлық салмақ дәрежесінде, соның ішінде әуесқой ММА бойынша жеңіске жетті.

Оралда ММА-дан халықаралық турнир өтті (фото)Оралда ММА-дан халықаралық турнир өтті (фото)

Турнирдің құрметті қонақтарының арасында қала әкімінің орынбасары М.Нұржанов, облыстық спорт басқармасының басшысы Қ.Есендияров, қорғаныс істері жөніндегі басқарманың бастығы Р.Балтеміров, Президенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатына жәрдемдесу орталығының төрағасы М.Қайырғалиев, сондай-ақ іс-шараның демеушілері «Dex company» компаниясының директоры Е.Дияров, “Қосай-Дәулет” компаниясының директоры Ж.Дәулеталин (Атырау) болды.

Оралда ММА-дан халықаралық турнир өтті (фото)

Сондай-ақ, іс-шараның арнайы қонағы Оренбургтің атақты кәсіби күрескері және ММА жаттықтырушысы Вячеслав Александрович Бутаков та келді.

Орал тұрғындары экзотикалық музыканың сүйемелдеуімен тай боксының нұсқасы бойынша жекпе-жек көре алды.

Оралда ММА-дан халықаралық турнир өтті (фото)

Оралда ММА-дан халықаралық турнир өтті (фото)Жекпе-жектің қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар барлық салмақ дәрежесінде, соның ішінде әуесқой ММА бойынша жеңіске жетті. FFC 34 Global 9 белбеуі үшін күресте Орал спортшысы Аслан Өтеғалиев жеңіске жетті.

Оралда ММА-дан халықаралық турнир өтті (фото)

Кеш соңында ұйымдастырушылар мен оралдықтар Шымкент және Орал қаласының батырлары Рустам Лапаев пен Әлихан Батырғалиевтің арасындағы айқасты күтіп, жерлесіміз жеңді! FFC 34 Global 9 промоушенінің екі белдеуі Батыс Қазақстанда қалды.

Оралда ММА-дан халықаралық турнир өтті (фото)

Халықаралық турнирді ұйымдастырушылардың бірі, БҚО “Алтын орда” Аралас жекпе – жек академиясының президенті Махамбет Сұлтанғалиевтің айтуынша, бұл іс-шараның негізгі мақсаты – Оралда кәсіби ММА-ны дамыту.Оралда ММА-дан халықаралық турнир өтті (фото)

– Біз керемет шоу жасадық, қала тұрғындарына естен кетпес шоу ұйымдастырдық, сондай-ақ барлығымызға біздің жауынгерлеріміздің өз ісінде ең мықты екендігін көрсеттік! – деді Махамбет Сұлтанғалиев.

Оралда ММА-дан халықаралық турнир өтті (фото)

Светлана Аманғалиева, 

БҚО, Орал қаласы

Фото автордыкі

Парақшамызға жазылыңыз
Редакция участвует в сети «Все СМИ».

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар