//

Ақсуатта дүбірлі дода басталмақ

2412 рет қаралды

Тұғыры биік Тарбағатай елінде, Барқытбелдің баурайында, Абай облысының Ақсуат ауылында шілде айының 29, 30, 31 күндері үш күн бойы өнер және спорт фестивалі өтеді. Төл өнеріміз төрге өрлеп, ұлттық құндылықтарымыз ұлықталады деуге әбден негіз бар. Бұл фестиваль медресенің ашылуымен басталып, балалардың құран жарысымен жалғасады. Ақсуаттан шыққан Дулат Тастекей мен Баделхан Камалханұлы 2012 жылдан бері Ырғызбай Досханұлының рухына ас беруді әдетке айналдырған. Бұл шарада 140 шақырым аламан бәйге, қазақ күресінен әлемдік гран-при сайысы мен “Асыл домбыра” ақындар айтысының финалы өтеді. Айтыстың бас жүлдесі – автокөлік. От тілді, орақ ауызды ақындардың айтысын күтіп жүрген жандар қаншама?. Қабанбай бабамыздың 330 жылдығына орай ғылыми-конференция ұйымдастырылады, өнер иелерінің қатысуымен арнайы концерт болады. Және фестиваль барысында көптеген ауқымды іс-шаралар өткізіледі. Мұның барлығын мың рет естігенша, Ақсуатқа арнайы барып көру керек. Ақын Қадыр Мырза-Әлі жырға қосқан Ақсуатты бетке алыңыз, ағайын.

Элеонора Әмір

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі