///

Мінбер кезекті тренингке шақырады

3006 рет қаралды
Мінбер кезекті тренингке шақырады
"Мінбер" тренингінен көрініс

Құрметті қазақ журналистері!

«Мінбер» журналистерді қолдау орталығының Сіздер үшін жақсы жаңалығы бар.

Сәуірдің 21-22-сі күндері Алматыда Интерньюс-Қазақстан қорының қаржыландыруымен «Журналистиканың негізгі машықтары: Тереңдетілген деңгей» атты тренинг өткізуді жоспарлап отырмыз.

Егер, Сіздің журналистік тәжірибеңіз үш-бес жылдың аралығында немесе одан көп болса, Сіз медианың негізгі стандарттарын тереңдете үйреніп, фактчекинг және верификация құралдарымен жан-жақты таныс болғыңыз келсе, жинаған ақпараттарыңызды бір минуттық қысқа видеоға айналдырып, инфографика тілімен сөйлетуді жоспарлап жүрсеңіз онда біздің тренингке жазылыңыз! Төмендегі сілтемеге өтіп, сауалнаманы толтырыңыз.

Тренинг 2023 жылдың 21-22 сәуір күндері өтеді. Ал тренингтен кейін екі апта бойы тәжірибелі менторлар  тренингтен алған теориялық білімдеріңізді практикада жүзеге асыруға көмектеседі. Орын саны шектеулі.  Өңірлерден 15, Алматы қаласынан 5 адам іріктеліп алынбақ. Сол үшін асығыңыздар. Өтініш берудің соңғы күні – 8 Сәуір.

Бұл жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен “MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы” аясында жүзеге аспақ.

Парақшамызға жазылыңыз
Редакция участвует в сети «Все СМИ».

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар