//

Қазақстан мен Ресейдің форумы: Оралға Путин келе ме?

89 рет қаралды

Фото: primeminister.kz

Ел арасында біраздан бері БҚО-ның орталығы Орал қаласына іссапармен Ресей президенті Путин келеді деген әңгіме бар. Қалада да соңғы бірнеше ай ішінде өзгеріс болып жатыр. Ескі көпқабатты үйлердің қасбеті жаңа кейіпке еніп, көшедегі өрнектастар ауыстырылып жатыр. 

Үкіметтегі кезекті жиында Оралда Қазақстан мен Ресейдің XXI Өңіраралық ынтымақтастық форумы өтеттіні белгілі болды.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкинмен кездесті.

Үкімет сайтының жазуынша, Оралда Қазақстан мен Ресейдің XXI Өңіраралық ынтымақтастық форумы қарсаңында өткізілетін Ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 26-отырысына дайындық талқыланған.

Алдағы форумның тақырыбы — «Жұмысшы мамандығы — экономикалық өсудің драйвері».

Отырыстың және форумның шеңберінде өзара іс-қимылдағы басым бағыттар — сауда-экономикалық ынтымақтастық, өнеркәсіп, энергетика, көлік және логистика, сондай-ақ басқа да салаларды қамтитын екіжақты келісімдер пакетіне қол қойылады деп жоспарланған.

Кездесуге қатысушылар өзара тауар айналымын арттыру мәселесіне ерекше назар аударған.

2024 жылғы қорытынды бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы $27,8 млрд-тан асып, өткен жылмен салыстырғанда 3%-ға өсті.

Биыл жеті айдағы көрсеткіш – $14,4 млрд. Бұл 2024 жылғы сәйкес кезеңнен 7,2%-ға төмен. Осыған байланысты тараптар өзара сауданы тұрақтандыру және одан әрі арттыру шараларын талқылады.

Сонымен қатар Қазақстан-Ресей шекарасындағы көліктік логистика, оның ішінде кептеліс мәселесі де қаралған.

Ал екі елдің президенті де форумға қатыса ма? Бұл туралы әзірге ешқандай мәлімет айтылмады.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар