/

Ақтауда Мінбердің кезекті тренингі өтеді. Тіркелуге асығыңыздар!

96 рет қаралды

Құрметті «Мінбердің» оқырмандары  Шымкент қаласында өтетін тренингке тіркелу аяқталды. Келесі бағыт Ақтау. 

«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы Kсell және Ericsson компанияларымен бірігіп “Телекоммуникация тақырыбын жазуда ЖИ құралдары журналистерге қалай көмектеседі?”тақырыбында тренингтер сериясын ұйымдастырады.

Желтоқсан айының 5-інде Ақтау қаласында батыс өңірінің журналистері үшін бір күндік тренинг ұйымдастырылады.

Тренинг кімдерге арналған және не үйренесіз?

Бұл тренинг телекоммуникация тақырыбында журналистік контент жасап, әлеуметтік желіге бейімдеуді үйренгісі келетін аймақтағы журналистерге арналған. Тренинг барысында телекоммуникация тақырыбын жазудағы журналистика этикасы, генератив жасанды интеллект құралдарының артықшылығы мен кемшіліктері, контентті мультимедиаландырып, әлеуметтік желіге бейімдеудің қыр-сыры үйретілмек. Практикалық бағытта өтетін тренингте қатысушылар менторлардың көмегімен журналистік контент жасаған жағдайда сертификатқа ие болады.

Тренинг Қазақстанның үш өңірінде, Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс және Батыс өңірлерінде өтеді.

Батыс өңіріндегі журналистер үшін 2025 жылдың 5 желтоқсанында Ақтау  қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.

Оңтүстік-Шығыс өңірлерінің журналистері үшін Алматы қаласы таңдалып алынды. Уақыты қосымша хабарланады.

Шымкент қаласында өтетін тренинг 21 қарашаға жоспарланған, тренингке 50-ден астам журналист тіркелді. Енді Ақтау қаласына батыс өңірінің журналистерін тіркелуге шақырамыз.

Ақтау қаласындағы тренингке қатысу үшін аталған өңірлердің журналистері төмендегі тіркелу формасын толтырып, өтінім жолдауы тиіс. Орын саны шектеулі. Ендеше не тұрыс, қапы қалмаңыз, тіркеліңіз. Сәттілік!

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Экологиялық сана әрекет пен жауапкершіліктен басталады

Пакизат Сайлаубекова, ана, эколог, подкастер                                                                                                                                                                                                                                                    Эколог, подкастер Пакизат Сайлаубекованың өмір жолы мен кәсібі