////

Бір есе таңданасың, бір есе таң қаласың…

111 рет қаралды

Бір есе таңданасың, бір есе таң қаласың!

Таңданатынымыз Бауыржан Момышұлы деген Хас батырдың ерлігі, батырлығы, өжеттігі, қайсарлығы, қара қылды қақ жарған әділеттілігі, отаншыл-патриоттығы, ұлтшылдығы, аса көрнекті қолбасшылығы … тағысын тағы сонау 2-дүние жүзілік соғыс басталған жылдардан-ақ жұртқа, қазаққа, қазаққа ғана емес, әлемге әйгілі болған адам.

Таң қалатынымыз сондай ер жүрек, Отан үшін жан беріп, жан алысқан атағы жер жарған, халқы, жері, елі үшін толарсақтан қан кешкен, елі, халқы басына ту қып көтерген, қанды көйлек, жүрегінің түгі бар Батыр кісіге сол бір СССР заманында да одан кейінгі өз еркің өз қолыңы тиген 35 жылда да Мемлекеті тарапынан Батырлығы мойындалып, Батыр атағы берілмегендігі.

 Бүгін сол бір таңданыс пен таңғалысқа Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ақырғы нүктесін қойып, тарихи әділетсіздіктің күшін жойыпты. Дәті жетіпті! Тәңір жарылқасын! Ештен кеш жақсы!

Бүгін Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Бауыржан Момышұлына Қазақстан Республикасының Батыры – Халық қаһарманы деген атақ беру туралы Жарлыққа қол қойғанын паш етті! Бауыржан Момышұлы ресми түрде Халық қаһарманы атанды!

Бұл барша қазақ халқының қуанышы. Құтты болсын, Құттықтаймын!

Бурылалтай

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар