//

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 100 күн қалды

119 рет қаралды

Фото: kaktus.media

Бішкектегі «Ала-Тоо» алаңында Қырғызстанда өтетін VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған кері санақ таблосы салтанатты түрде іске қосылды, деп хабарлайды kaktus.media.

Дүниежүзілік дода 2026 жылдың 31 тамызы мен 6 қыркүйегі аралығында жалауын желбіретеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ойындарға 100 күн қалғанын білдіретін бұл сәт қатысушылар мен ел қонақтары үшін ерекше меже болмақ. Өйткені бұл әлемдегі ең ірі этномәдени әрі спорттық шараның ауылы алыс емес деген сөз.

Табло іске қосылмас бұрын қырғыз эстрада жұлдыздары мен би ұжымдары өнер көрсетіп, жиналған қауымға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар спортшылар көкпар, қырғыз күресі, алыш және асық ату сияқты ұлттық ойын түрлерінен шеберліктерін паш етті.

Мерекелік шарада қыран бүркіттер мен құмай тазылар да бой көрсетіп, қонақтар олармен жарыса суретке түсіп жатты.

Қырғызстан Министрлер кабинеті Төрағасының орынбасары Ұлан Маматканов өз сөзінде алдағы 100 күн елдік пен патриотизм сынға түсетін жауапты кезең екенін қадап айтты. «Бұл доданы жоғары деңгейде өткізу — бүкіл қырғыз халқының абыройы. Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ұлтына немесе тіліне қарамастан, барша адамзат баласының достығы мен бейбітшілігін нығайтуды көздейді», — деді ол.

Алаңға жиналған жұрт серіктестердің арнайы аймақтарында уақытты қызықты өткізді. Онда келген қонақтарға Көшпенділер ойындарының тарихы таныстырылып, алдағы доданың естелік кәдесыйлары үлестірілді.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар