/

Қазақстан мен Моңғолия астаналары арасында әуе қатынасы ашылуда

1164 рет қаралды

Фото: pixabay.com

ҚР Көлік министрлігі халықаралық ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер жиілігін арттыру бағытында тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.

Осылайша, аталған жұмыс шеңберінде 2026 жылғы 2 маусымнан бастап SCAT әуе компаниясы Boeing 737 MAX үлгісіндегі әуе кемелерімен аптасына 2 рет (сейсенбі және жұма күндері) жиілікпен Астана – Ұлан-Батыр бағыты бойынша жаңа әуе қатынасын ашты.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Моңғолияның Hunnu Air әуе компаниясы Алматы – Ұлан-Батыр бағыты бойынша аптасына 3 рет жиілікпен тұрақты рейстерді орындайды. Ағымдағы жылдың 6 маусымынан бастап аталған бағыт бойынша рейстер саны аптасына 4-ке дейін артады. Осылайша, Қазақстан мен Моңғолия арасындағы рейстердің жалпы саны 2 әуе бағыты бойынша аптасына 6-ға дейін ұлғаяды.

Астана және Ұлан-Батыр қалалары арасында әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

Парақшамызға жазылыңыз
Редакция участвует в сети «Все СМИ».

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар