//

Олимпиада ойындарының әрбір қатысушысына 10 мың доллар грант беріледі

63 рет қаралды

Фото: olympic.kz

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) спортшыларды қолдауға арналған «Fit for the Future Olympian Grant» атты жаңа бағдарламасын жариялады, деп хабарлайды olympic.kz.

Олимпиада тарихында алғаш рет ойындарға қатысқан әрбір атлетке 10 000 АҚШ доллары көлемінде грант үлестірілмек.

​Жаңа бастама алғаш рет 2026 жылы Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарында қолданысқа енгізіледі. Бағдарлама спортшылардың кәсіби деңгейін дамытуға және спорттан кеткеннен кейінгі өмірге бейімделуіне көмектесуді көздейді. Қаражат Ұлттық Олимпиада комитеттері арқылы бөлінеді және оған әр циклде шамамен 14 мың спортшы үміткер бола алады.

​Грантты Aa санатындағы аккредитациясы бар, допингке қарсы ережелер мен Олимпиадалық хартия талаптарын бұзбаған барлық спортшы ала алады (жасөспірімдер Олимпиадасының қатысушылары бұл тізімге кірмейді).

​«Бұл грант тек жүлдегерлерге емес, әрбір олимпиадашыға беріледі. Қаражат жүлде үшін емес, олимпиадашы атану жолындағы қажырлы еңбек пен жанкештілікті мойындау белгісі ретінде табысталады», — деді ХОК Спортшылар комиссиясының төрағасы Пау Газоль.

​Италиядағы Олимпиада қатысушыларынан өтінім қабылдау осы жылдың соңында басталып, алғашқы төлемдер 2027 жылы жүргізіледі.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар