Фото: pressball.by
Норвегия құрамасының шабуылшысы Эрлинг Холанд 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында жоғары нәтижелі ойын көрсетіп, тарихи жетістікке қол жеткізді.
Турнир аясында өткізген төрт матчта бес гол соққан шабуылшы әлем біріншілігі тарихындағы сирек кездесетін рекордтың бірін қайталады. Ол алғашқы ойында Ирак қақпасына екі гол соғып, командасының 4:1 есебімен жеңіске жетуіне үлес қосты. Кейін Сенегалға қарсы кездесуде тағы дубль жасап, Норвегияның 3:2 есебімен басым түсуіне ықпал етті. Франциямен өткен матчқа қатыспаған шабуылшы Кот-д’Ивуарға қарсы кездесудің 85-минутында жеңіс голын соғып, құрамасын келесі кезеңге алып шықты.
Осылайша Эрлинг Холанд әлем чемпионатындағы алғашқы үш негізгі құрамда шыққан матчының әрқайсысында гол соғып, 72 жыл бойы қайталанбаған тарихи рекордқа теңесті. Бұған дейін мұндай көрсеткішке тек 1930 жылғы әлем чемпионатында аргентиналық Гильермо Стабиле мен 1954 жылғы мундиальда венгриялық Шандор Кочиш қана қол жеткізген болатын. Осы жетістігінің арқасында Эрлинг Холанд әлем чемпионаты тарихындағы ең үздік шабуылшының бірі ретінде тағы бір маңызды белесті бағындырып, есімін аңызға айналған футболшымен қатар жазды.
Түгелбай Бисен,
minber.kz
Парақшамызға жазылыңыз
