/

Пластикалық хирургия клиникаларына жоспардан тыс тексеру жүргізіледі

95 рет қаралды

Фото: istockphoto.com

Пластикалық хирургия клиникаларында болған бірнеше қайғылы жағдайдан кейін Денсаулық сақтау министрлігі жоспардан тыс қосымша тексеру жүргізеді, деп хабарлайды TengriHealth тілшісі.

Ресми мәліметке сүйенсек, 2021 жылдан бері министрліктің аумақтық департаменті пластикалық хирургия бағыты бойынша 92 жоспардан тыс тексеру ұйымдастырған. Медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігіне шағым санының артуына байланысты бұл тексерудің басым бөлігі 2024 жылға тиесілі болды. Тексеріс барысында мамандар лицензиялық талап пен медициналық көмек көрсету стандартының бұзылуын, құжаттама жүргізу ережесінің сақталмауын және тиісті рұқсатсыз қызмет ету фактісін анықтады.

Тексеру қорытындысы бойынша клиникаларға бұзушылықты жою туралы нұсқама берілді. Сондай-ақ жауапты мамандар 24 әкімшілік хаттама толтырып, жалпы сомасы 4,8 миллион теңгеге әкімшілік айыппұл салды. Әсіресе Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында пластикалық ота жасалған пациенттің өлімінен кейін жекелеген жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Аталған оқиға бойынша жиналған материал өз құзыреті шегінде процестік шешім қабылдау үшін құқық қорғау органына жолданды.

Министрлік пациент құқығын қорғау мақсатында мемлекеттік бақылауды алдағы уақытта да жалғастыратынын мәлімдеді.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар