/

Ұлттық паркте өсіп қалған аландар камераға ілінді

79 рет қаралды

Фото: Tengri Travel

Tengri Travel «Қатонқарағай» ұлттық паркінде фототұзаққа тағы да қар барысы түсіп қалғанын хабарлайды.

Қыста алғаш рет таспаланған марғау айтарлықтай өсіп қалған және қазір анасының соңынан еріп, тау ішінде еркін жүр. Жаңа видеоны ұлттық парк әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жариялады. Кадрға бұған дейін де бірнеше рет жазба кейіпкері болған алан түскен.

Осыдан бірнеше ай бұрын дәл осы жерде фототұзақ нысанасына алғаш рет үш марғауы бар ұрғашы қар барысы іліккен болатын. Қысқы кадрдағы кішкентай алан бүгінде едәуір өсіп, анасымен бірге асқар тауды еркін кезіп жүр.

Ұлттық парк өкілі жабайы табиғатта өсіп келе жатқан қар барысының марғауын көру үлкен сәттілік екенін атап өтті. Арнайы құрылғы жазбасының арқасында маман бұл сирек кездесетін жыртқыштың парк аумағына сәтті бейімделгеніне көз жеткізді.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар