Қазақстанда 8 миллионнан астам адам артық салмақтан зардап шегуі мүмкін

63 рет қаралды

Фото: istockphoto.com

«24KZ» әлемде артық салмақ пен семіздікке шалдыққандар саны жылдам өсіп жатқанын хабарлайды.

Бұл орайда негізгі ауыртпалық дамушы елдерге түсіп отыр. Медицина мамандарының айтуынша, артық салмақ көбіне тек сыртқы келбет мәселесі ретінде қабылданады, алайда ол — денсаулыққа тікелей әсер ететін маңызды фактор. Жоғары дене салмағы индексі (ДСИ) жүрек-қантамыр аурулары, қант диабеті және басқа да созылмалы дерттердің пайда болуына әкелетін негізгі қауіптердің бірі болып табылады. World Obesity Atlas деректеріне сәйкес, әлемде 3 миллиард ересек адамның дене салмағы индексі жоғары, ал 1 миллиардтан астамы семіздікке шалдыққан. Балалар арасында да жағдай алаңдатарлық: 5–19 жас аралығындағы 419 миллион балада артық салмақ бар. Жыл сайын шамамен 5 миллион адам осы мәселенің салдарынан ерте қайтыс болады. Соған қарамастан, семіздік әлі де медициналық мәселе ретінде жеткілікті деңгейде бағаланбай келеді, соның кесірінен науқастардың 64%-ына ресми диагноз қойылмаған.

Қазақстанда да бұл мәселе өзекті болып отыр. Елімізде ересектердің 56%-ында артық салмақ бар, ал 20%-ы семіздікке шалдыққан. 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 8,17 миллион адамға жетуі мүмкін. Балалар денсаулығына келсек, өткен жылы 5 пен 19 жас аралығындағы 79 мың балаға гипертония диагнозы қойылған. Сарапшылардың мәліметінше, бұл жаһандық проблеманың кедей және орташа табысты елдерде көбеюіне қалаға көшу (урбандалу), тез әрі дұрыс тамақтанбау, қозғалыстың азаюы және өмір салтының өзгеруі себеп болып отыр.

Қазір Қазақстанда медициналық сауаттылықты арттырып, салмақты бақылауға көмектесетін арнайы білім беру орталықтары жұмыс істейді. Мамандар бұл тақырыпқа ерте өлім қаупін тудыратын созылмалы ауру және қоғамның ауқымды мәселесі ретінде қарау қажеттігін ескертеді.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар