/

Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

72 рет қаралды

Фото: www.akorda.kz

Бүгін ҚР Президенті Қ. Тоқаев ҚР Конституциялық заңының 5-бабының 1-тармақшасына сәйкес Қазақстан Халық кеңесі құрамын бекітті. Халық Кеңесінің құрамына 129 адам кірген. ҚР 2026 5 298-ҮІІІ ҚР заңына сәйкес Қазақстан Халық Кеңесі ҚР халқының мүдделерін білдіретін жоғары конституциялық консультативтік орган.

Кеңес мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға консультативтік тұрғыдан қатысу арқылы Қазақстан халқының мемлекеттік басқару саласындағы мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз етуді мақсат етеді.

Кеңестің міндеттері: 

  1. мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттары бойынша жалпыұлттық диалогты ұйымдастыру, 
  2. қоғамдық келісімді, жалпыұлттық бірлік пен ынтымақты нығайту; 
  3. ҚР қызметінің негіз құраушы қағидаттарын және жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету. 

Қазақстан Халық Кеңесінің өкілеттіктеріне келетін болсақ, Кеңес мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлейді; ҚР Құрылтайына заң жобаларын енгізеді, жалпыхалықтық референдум тағайындау туралы бастама көтереді, Қазақстан Халық Кеңесінің мақсаттары мен міндеттерін іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, азаматтық қоғам институттарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды, мемлекеттік органдар, ұйымдар және азаматтық қоғам институттары арасындағы жалпыұлттық диалогты қамтамасыз ету үшін қоғамдық алаңдарды, консультациялар мен тыңдауларды, семинарларды, конференцияларды, сондай-ақ өзге де іс-шараларды ұйымдастырады, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша мемлекеттік маңызы бар басқа да гуманитарлық форумдар ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді, мемлекеттің ішкі саясатының мәселелері, қоғамдық келісімді, жалпыұлттық бірлік пен ынтымақты нығайту, Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаттарын және жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге қатысады, Қазақстан Халық Кеңесінің мақсатымен және міндеттерімен байланысты мәселелер бойынша қоғамдық бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін нысандарда жүзеге асырады, Қазақстан Халық Кеңесінің мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Сонымен қатар, Президент бүгін Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясын шақыру туралы қаулыға қол қойды.

Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясы 23-24 қыркүйекте Астана қаласында өтеді.

Айта кетейік, Қазақстан Халық Кеңесінің жоғары басшылық органы Қазақстан Халық Кеңесі мүшелерінің жиналысы, яғни Сессия. Ал Кеңестің бірінші Сессиясын ҚР Президенті шақырады. ҚХ Кеңесінің кезекті Сессиясын Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде бір рет шақырады.

Қазақстан Республикасының Президентiнің Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты өкілеттіктері: Қазақстан Халық Кеңесінің құрамын бекітеді, Хатшылығын құрады және оның басшысын тағайындайды. Сонымен бірге, Президент Қазақстан Халық Кеңесінің сессияларына қатысуға және оның қызметі мәселелері бойынша, сондай-ақ мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының өзге де мәселелері бойынша ұсыныстармен және бастамалармен сөз сөйлеуге құқылы, ҚР Конституциясына және заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Қазақстан Халық Кеңесі туралы заңмен мына сілтемеге  өтіп таныса аласыз.

Парақшамызға жазылыңыз

Альфия Шамай

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі (1998-2002ж.ж).

2016 жылдан бері «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ (М.А.Ускембаева) Батыс Қазақстан облысындағы жобалар бойынша өңірлік менеджері

Қазақстан Сорос Қоры мен «Zertteu Research Institute» ҚҚ ұйымдастырған «OpenBudgetFellowship2019» 2019 жылғы түлегі

Қазақстандағы Internews өкілдігі жариялаған, MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған 2021 жылғы «Азаматтық журналистер» жобасының түлегі

MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған «Журналистиканың негізгі машықтары» мектебінің түлегі

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар