//

Каспий трагедиясы: 18 және 19 сарбаз кім?

80 рет қаралды
фото: Қорғаныс министрлігінің телеграм каналы

Маңғыстау облысындағы әскери оқу-жаттығу кезінде 14 әскери қызметші қаза тапты. Қыршын кеткен жастар жер қойнына тапсырылғанмен, халықтың көкейінде сұрақ көп.  

Каспий теңізіндегі оқу-жаттығуда алғашында 19 сарбаз суға кеткені хабарланды. Кейін оның саны 17-ге қысқарды. «Қалған екі сарбаз хабарсыз кетті ме?» деген сауал еріксіз туындады. Кеше тарихшы, ғалым Дәметкен Сүлейменова әлеуметтік желіде Каспий теңізіндегі оқиға туралы мәлімдеме жасады.  Ол әскери жаттығуда нағашысының баласының ұлы Айнар Ахметов та болғанын, сарбаз өз күшімен жағаға аман шығып, қасындағы жолдасына көмектескенін, бірақ оны алып шыға алмағанын айтты. Ата-анасы ұлымен хабарласа алмай отырғанын айтып, дабыл қақты (скрин).

Олар 5 күні отбасына оралуы керек еді

Біз бүгін сарбаз Айнар Ахметовтың Сырым ауданындағы Тоғанас ауылының  Аңқаты бөлімшесінде тұратын әкесі Асхат Ахметовке хабарласқан едік:

– Ұлым аман екенін айтты. Менің қолымда  басқа ешқандай ақпарат жоқ. Мен судың жағасында не болғанын білмеймін. Бірі құтқарды дейді, бірі басқа дейді. Балалардың бәрі кемеде бірге жүрді. Бастықтарының бұйрығын орындады. Олар не болғанын көрді. Бірақ мен ол жерде не болғанын, қалай болғанын  білмеймін. Мен екінші күні кешкісін ұлымның аман екенін білдім. Оралдың балаларына ауылға келу үшін қазанның 3-не билет алып қойған. Олар 5 күні отбасына оралуы керек еді. Қаза тапқан балалар иманды болсын, – деді сарбаздың әкесі.

Бүгін ҚР Қорғаныс министрлігі неліктен мұндай түсінбестік болғанын түсіндірді.  Мерзімді әскери қызметтегі матростар А. Ахметов пен Ә. Мағауия туралы әлеуметтік желіде таралып жатқан ақпаратқа байланысты хабарлады.

«Әскери-теңіз күштері өткізген оқу-жаттығу барысында жеке құрамның бір бөлігі жағалауда болып, тиісті оқу міндеттерін орындады. Мерзімді әскери қызметтегі матростар Ахметов А.А. мен Мағауия Ә.А. жағалауда оқу міндеттерін орындаған әскери қызметшілер тобының құрамында болды. Қазіргі уақытта аталған әскери қызметшілер әскери бөлімнің орналасқан жерінде және күн тәртібіне сәйкес әскери қызметін атқарып жүр. Азаматтарды тексерілмеген және шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратпауға, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің ресми мәліметтеріне сүйенуге шақырамыз» деді министрліктен. Сондай-ақ ведомство екі матростың өздері аман-есен екендерін айтқан видеосын жариялады.

 

 
 
 
 
 
View this post on Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by TengriNews | Новости Казахстана (@tengrinewskz)

Кеше әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін үш әскери қызметші Мемлекет басшысының Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды .

 Қуандық Бекет Бақтыбекұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы);

 Темірхан Ақжол Тимурұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы);

 Удалов Никита Александрович – 29011 әскери бөлімінің маманы (санитариялық нұсқаушысы).

Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу жиыны кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды .

Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен:

Мұхтарұлы Олжас – 29011 әскери бөлімі взводының командирі.

Рахымжан Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен:

Аяпберген Сержан Талғатұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;

Бегей Дастан Нұрболұлы – 29011 әскери бөлімінің аға матросы (аға атқышы);

Бердіханов Мейрамбек Ермұханұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;

Гилаж Ақжайық Болатбекұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);

Ғұмаров Мансұр Айтбайұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;

Диханбаев Олжас Тәжібайұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;

Жаңабай Әсет Саматұлы – 29011 әскери бөлімінің маманы (көздеушісі);

Көбенов Алмас Жүсіпұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);

Мәдіхан Азамат Болатбекұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқыштың көмекшісі);

Өмірзақ Өмірбек Өмірболатұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);

Темірғалиев Жеңіс Тілеуішұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (оқшашар атқыштың көмекшісі);

Төлеген Ақылбек Қабденұлы – 29011 әскери бөлімінің аға матросы (аға атқышы);

Тұрдыбекұлы Мирас – 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы).

Қыршын жастардың өмірін қиған оқиғаға байланысты арнайы үкіметтік комиссия құрылды.

Қыркүйектің 27 күні Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды. Айдос Сәкенұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды. ҚР Бас прокуратурасы Маңғыстау облысындағы әскери қызметшілердің қаза болу фактісі бойынша күдікті лауазымды тұлғалардың анықталғанын ресми түрде растады.

Ясипа Рабаева

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар