Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатында қатарынан үшінші рет топ жарды. Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында өткен құрлықтық додада отандастарымыз барлық кездесуде жеңіске жетіп, чемпиондық атағын сақтап қалды.
Турнирдің алғашқы матчында Қазақстан құрамасы Жапония хоккейшілерімен кездесіп, 3:2 есебімен басым түсті. Екінші ойында Қытай құрамасын 5:0 есебімен жеңді.
Ал жарыстың шешуші кездесуінде қазақстандықтар алаң иелері – Оңтүстік Корея құрамасымен кездесті. Негізгі уақыт 0:0 есебімен аяқталып, жеңімпаз буллиттер сериясында анықталды. Бұл сында Қазақстан құрамасы 4:3 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, үш матчтың үшеуінде де жеңіске жеткен Қазақстан құрамасы турнир кестесінде бірінші орынға жайғасты. Жарыстың қорытындысында Жапония құрамасы күміс, Оңтүстік Корея қола жүлдеге ие болды.
Айта кетейік, Қазақстан ерлер құрамасы бұған дейін 2024 және 2025 жылдары да Азия чемпионы атанған болатын. Биылғы жеңіс арқасянда ұлттық құрама құрлықтағы чемпиондық атағын үшінші жыл қатарынан қорғап, жетістігін жалғастырды.
Түгелбай Бисен
фото: https://t.me/DRSQazaqstan/7251
Парақшамызға жазылыңыз


