//

ҰҚК «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларын ұстады

36 рет қаралды
ҰҚК «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларын ұстады
коллаж: Ұлысмедиа

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Елжас Отыншиевті ұстады. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, олар 11 қарашада сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталған. Олармен бірге тағы бірнеше адам ұсталды.

«Істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде», делінген ҰҚК хабарламасында.

Комитет Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сілтеме жасап, сотқа дейінгі тергеп-тексеру туралы басқа ақпаратты жария етпейтінін айтты. ҰҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Мемлекет басшысының тапсырмасы мен «Заң және тәртіп» қағидаты аясында жалғасатынын да атап өтті.

Ulysmedia.kz басылымының хабарлауынша, Жақыпов пен Отыншиев уақытша ұстау изоляторына қамалған. Басылым ҰҚК-ға сілтеме жасап, оларға ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі және 366-бабының 4-бөлігі бойынша, яғни пара алуға оқталды деген күдік келтірілгенін жазды.

12 қарашада таңертең әлеуметтік желіде Астанадағы «Атлант» тұрғын үй кешенінің терезесінен долларға ұқсас ақшасы бар чемодан лақтырылды деген ақпарат тарады. Бұл оқиғаның іске қатысы бар-жоғы ресми түрде расталған жоқ.

Олар кімдер?

Нұрлан Жақыпов «Самұрық-Қазына» қорын 2023 жылдың сәуірінен бері басқарады. Бұған дейін Қазақстанның инвестициялық даму қорын (KIDF) басқаратын компанияға жетекшілік еткен. Одан ертерек Rothschild & Co инвестициялық банкінің Қазақстандағы өкілі болған. Ол сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» бен Air Astana директорлар кеңестерінің төрағасы.

Елжас Отыншиев ҚТЖ-ны 2026 жылдың шілдесінен бері басқарады. Оған дейін «Самұрық-Қазына» қорында стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор болған.

«Самұрық-Қазына» елдегі ең ірі мемлекеттік компанияларды, соның ішінде «ҚазМұнайГаз», ҚТЖ және Air Astana-ны басқарады.

Сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін кез келген адам кінәсіз деп саналады.

Дереккөз: ҰҚК баспасөз қызметі,

Ulysmedia.kz

Парақшамызға жазылыңыз
Редакция участвует в сети «Все СМИ».

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар