Орталық Азия елдерінде еңбек мигранттары мәселесі шешілмесе, Қазақстан экономикасының дамуына қауіп төніп тұр. International Crisis Group ұйымының мәліметінше, ғаламдық дағдарыс Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан экономикасына айтарлықтай әсер еткен. Аталған елдере қазіргі кезде әлеуметтік дағдарыс та күшейіп, білімді жастар Қазақстан мен Ресейге кетуде деп жазылған.
Ең қиыны, аталған дағдарыс салдарынан жақсы саясат құру емес, орнықты қоғам құру мәселесі қиындай түсті. Себебі елдеріне қайтып оралған мигранттар жұмыссыздар қатарынан толықтыра түсуде. Бұл өз кезегінде Қазақстанға да әсер етпек. Себебі көрші елдердегі жұмыссыздар санының көбеюі өз кезегінде еліміздің дамуына тікелей әсер етпек.
Осы орайда Халықаралық Көші Қон ұйымының өкілі Павел Шульс биылғы жылы Қазақстанда еңбек мигранттарының саны азайды дейді. Себебі, өткен айдың желтоқсанында мигранттарға заң жүзінде жұмыс істуге рұқсат берген құжаттарының мерзімі аяқталды. Бұрын сол ресми карточка арқылы сандарын анықтау мүмкін еді. Биыл үкімет биылғы жылы еңбек мигранттарына арналған квотаның мөлшерін сақтап қалды. Яғни экономикалық белсенді халықтың 0,75 мөлшері.
СНХ: Менің ойымша, бұл оң өзгерістер алып келеді. Себебі кедендік одақ дегеніміз осы үш елдің арасында еңбек ресурсының еркін айналымын білдіреді. Бұл әрине, қазір Қазақстанның оңтүстігіндегі еңбек мигранттарына тікелей әсер етпейді. Себебі олар кедендік одаққа мүше емес. Алайда ЕураЗЭҚ аясында өткен келіссөздер нәтижесінде біраз құжаттарға қол қойылды. Егер олардың тетіктері дұрыс жұмыс істейтін болса, онда алдағы уақытта екі жақты келісім нәтижесінде еңбек ресурстанының алмасу ісіне Қырғызстан да қосылуы мүмкін. Бұл өз кезегінде Орталық Азиядағы еңбек мигранттарымәселесінің оң шешімін табуына септеседі.
Бұл пікір білдіргенХалықаралық көші қон ұйымының маманы Павел Шалусь болатын. Ол дағдарыс салдарынан еңбек мигранттарынан елдеріне оралғаны екі жақты көзқарас тудыруда дейді. Бір есептен, жұмысшылардың өз елдеріне қайтқаны дұрыс. Себебі олар сол елдің азаматтары. Алайда олар өз елдерінде жұмыссыздар санын көбейтеді. Ал егер олар жұмыс істеп жүрген жерлерінде қалатын болса, бұл да өз кезегінде қылмыстың өршуіне ұласуы мүмкін.
Асхат Еркімбай
Мигранттар мәселесі ушығып тұр
Соңғы жазбалар
Оралда бір компания құны 155 млн теңге мемлекеттік тапсырысты алу үшін жалған банк кепілдігін пайдаланбақ болған.
Алматы қаласының мамандандырылған экономикалық ауданаралық сотында ұялы байланыс операторларының арасындағы шағым бойынша азаматтық іс қозғалған.
Соңғы бірнеше айдан бері Ақтөбе қаласында жаңадан салынатын мыс өңдеу зауытына қатысты айтарлықтай қоғамдық пікірталас жүріп
Тергеу журналистерінің халықаралық консорциумы – ICIJ сайтында 14 тамызда жарияланған мақаланың атауын қазақ тіліне аударсақ: «Қазақстанның
Фото: akorda.kz Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Саида Мирзиёеваның Астанаға сапары екі елдің стратегиялық
Фото: Rail-news.kz Rail-news.kz сайтының хабарлауынша, «Қазақстан темір жолы» компаниясы ел ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік пен
Фото: gov.kz ҚР АШМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақмола облысында тауық жұмыртқасын терең өңдеуге арналған ірі инвестициялық
Фото: pixabay.com Энергетика министрлігінің жетекшілігімен Қашаған кен орнында қуаттылығы жылына 2,5 миллиард текше метрді құрайтын жаңа
Фото: istockphoto.com Бұл туралы БЖЗҚ баспасөз қызметі хабарлайды. «Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы іске қосылған 2024
Тимур Құлыбаевтың Halyk қоры сапалы әдебиеттің өрісін кеңейтуге, ұлттық мұраны дәріптеуге, әлемдік әдебиет пен танымдық басылымдарды
Олар өтірік айтады. Түбінде солар озады. Керісінше біз кризиске кіріп барамыз.