2012 жылдың 22-24-наурыз аралығында Астана қаласы Назарбаев Университетінде өтетін BlogCamp 2012: Блог құрылтайға тіркелу рәсімі басталды. Блог Құрылтайдың ресми сайтындағы ұсынылған тіркелу бөлімінен өз өтінішіңіз бен презентацияңыздың тақырыбын және т.б сұрақтарға жауап беру арқылы тіркеле аласыз. Тіркелу уақыты 20-ақпанға дейін. Қазірге дейін 46 адам тіркеліп үлгерген. Блогер, биылғы Блог құрылтайды ұйымдастырушылардың бірі Талғат Байназаровтың айтуынша аталған шараға қатысушылар көлемі 120 адам айналасында болады деп жоспарлануда екен. Шараның мақсаты қазақ тілді интернет контентінің сапасын арттыру дейді ұйымдастырушы блогерлер. Қатысушылар әр сала өкілдері болмақ, арасында програмистер, сайт жасаушылар, мұғалімдер, студенттер, журналистер де бар.
Парақшамызға жазылыңызBlogCamp 2012: Блог құрылтайға тіркелу басталды

Соңғы жазбалар
Фото: gov.kz Қазақстанда ақпараттық қауіпсіздік саласындағы Ұлттық даму институты құрылды. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық үкіметті қолдау
Фото: gov.kz Қазақстанда «Red Team & Blue Team Cyber Academy» білім беру бағдарламасына іріктеу қорытындыланып, «Ұлттық киберқалқан»
Фото: Бұл туралы ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі хабарлайды. OpenAI делегациясының Қазақстанға сапары аясында
Фото: istockphoto.com ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жасанды интеллектіні білім беру бағдарламаларына енгізу, зерттеу инфрақұрылымын
Фото: ortcom.kz Қазақстандық жоғары оқу орындары жасанды интеллектіге оқытудан өздерінің жеке AI-шешімдерін әзірлеуге көшуде. Бұл туралы
Қазан айының он сегізінші жұлдызында Қазақстан – инженерлік технологиялық Университеті бұрын соңды өзге оқу орындарында болмаған
Өткен жұмада ІТ аналитик Тимур Бектұр “Мінберлің” инстаграм парақшасында тікелей эфирге келіп, елдегі интернеттің жағдайы туралы
Назарларыңызға онлайн-қауіпсіздік және құпиялылық мәселелері жөніндегі сарапшы, Hack for Privacy қауымдастығының авторы Робин Доэртидың мақаласын ұсынамыз.
Қазіргі төтенше жағдай кезінде Қазақстанның цифрлық алаңындағы ахуал қандай? Сандық дәуірдің қарқынды дамуына түрткі боларлық тәсіл
Кейбір бағдарламалар кішігірім тапсырмаларды жылдам орындап, көңілден шығып жатады. Компьютеріме қондырылған сондай бағдарламаның бірі – Google

Блог құрылтайларың құтты болсын! Қазақ тілін дамытыңдар осылай, жаңа тәсіл, өзгеше жақтан келіп! Алға!
Ассаламуалейкум! Алдағы уақытта Астана қаласында болатын блог құрылтайға қатысқым келеді. Презентация дайындау жағына келгенде біраз “сасып” қалып отырмын. Жалпы презентацияны қалай дайындайды, сол жағынан біраз ақыл – кеңестеріңізді бересіздер ме? Презентация” міндетті емес” деп оқып едім. Кеше тіркелейін десем, болмай қойды.
http://www.blogcamp.kz/?p=97
Осыны оқып көріңіз. Сәттілік!