“Медиа Мектеп” журналистика мектебі шақырады

1006 рет қаралды
6

6a0120a7f79ff8970b0120a7fae68c970bМедиа Мектеп журналистика мектебі MediaNet Халықаралық Журналистика Орталығының жобасы 2010-2011 жаңа оқу жылына жас журналистерді шақырады. Кешкі курсқа студенттерді қабылдау жүргізілуде.

2005 жылдың 16 ақпанынан бастап жұмыс істеп келе жатқан журналистика орталығынан жүзден аса жас журналистер білім алып, журналистика нарқында еңбек етіп жүр.

Жоба халықаралық және қазақстандық қоғамдық, коммерциялық ұйымдардың қолдауымен жүзеге асырылып келе жатыр. Мектептің негізгі мақсаты – студенттерде практикалық, журналистік дағды қалыптастыру және сараптамалық ойлау деңгейін дамыту. Осы жайттарды ескере отырып оқу бағдарламасы дайындалды. Бағдарламаның құрамына мәтінмен астарымен, сараптама түрлерімен, оқиға сипатымен танысуға, қисынды ойлау жүйесін дамытуға бағытталған тәжірибелік және теориялық сабақтар енгізілді.

Оқу түрлері – негізгі бағдарлама және арнайы курстар.

Негізгі бағдарлама журналистика өнерін меңгергісі келген, бірақ БАҚ саласында жұмыс тәжірибесі жоқ жандарға арналған. Курс ұзақтығы – 5 ай (аптасына екі рет) және студенттерге тағы бір тәжірибеден өту мүмкіндігі беріледі.

Медиа Мектепті бітірген түлек сюжеттерді, тележаңалық бағдарламаларын түсіру қалай жүргізілетінін, өзгешелігін анық білетін болады, мерзімді баспасөз құралдарының ерекшеліктеріне еркін бейімделе алады. Ол сонымен қатар ақпаратпен жұмыс істеу тәсілдерін үйренеді, жаңа медианы меңгереді.

Медиа Мектептің үлкен бір ерекшелігі – жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндігі.

Тәуелсіз авторлар (freelance) ретінде Медиа Мектептің студенттері 2000-нан астам мақала жариялады. 200-ден астам Медиа Мектеп түлегі бұқаралық ақпарат құралдарында, PR агенттіктерде, баспасөз қызметтерінде, мемлекеттік, қоғамдық және коммерциялық компанияларда жұмыс істейді.

Материалдарын неғұрлым көп жариялаған (эфирге шығарған) студенттер, сертификаттан бөлек БАҚ редакторларына деген ұсыныс-хаттарға ие болады. Ол үшін кем дегенде үш оқытушыдан ұсыныс түсу керек.

Болашағынан үміт күттіретін Медиа Мектептің студенттеріне біз шет елде оқу және жұмысқа орналасу мүмкіндігін береміз.

Қосымша ақпаратты 261 66 69, 272 15 29 телефондары арқылы немесе келесі мекен-жайдан ала аласыздар: Қазыбек би көшесі 50 (Панфилов көшесінің қиылысында), 3 қабат, 100 кеңсе.

Парақшамызға жазылыңыз

6 Comments

  1. Медиа мектептегі негізгі бағдарлама және арнайы курстар ақылы ма, әлде тегін оқытылады ма?
    Ақысы қанша, жеңілдіктер бар ма? Осы мәліметтерді толығырақ жазсаңыздар!

  2. Қызығушы, курстар ақылы. Жеңілдіктер туралы жоғарыда көрсетілген телефонға хабарласып білсеңіз болады.

  3. “Медиа Мектеп” журналистика мектебінің болашағына нық сенімдімін. Бұл MediaNet Халықаралық Журналистика Орталығы жобасының жас журналистерді жаңа медианы меңгеруіне, жұмыс істеу тәсілдерін машықтануына үлкен септігін тигізетіні сөзсіз. Сонымен бірге шетелде оқу және жұмыспен қамту мәселесі де дұрыс жолға қойылғандығынан құлағдар болып отырмыз. Студенттерге осы бағдарлама жеңілдіктер көрсетіп жатса, нұр үстіне нұр болар еді. “Медиа Мектептің” жетер жетістіктері әлі алда екені даусыз.

  4. Медиа мектептің журналистикаға енді қадам басқан болашақ журналистерге өте үлкен көмегін тигізеді. Сондықтан, журналистика факультетінің студенттері қапы қалмаңыздар!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі