/

Samsung Wave: қазақшаңыз қалай?

944 рет қаралды
1

Қазақстанға келіп жатқан телефондардың «қазақша сөйлеуі» заң талабы болғанымен, оны жүрдім-бардым орындайтындар бар.

Мәселен, бір телефонды қолға алып, қазақшасын іске қосқанда ішіндегі сөздерді түсінбей, еріксіз орыс тіліне қосатындар жетерлік. Бұл мәселе тауарды сертификаттау және стандарттау ережелерінде телефондардағы қазақ тілінің сапасы анықталмағандығымен және мобильді құрылғылардағы қазақ тіліндегі жаңа сөздердің терминдерінің бір жүйеге түспеуіне байланысты туындап отыр. Дегенме, өз тұтынушысына сапалы өнім ұсынатын компанияларыдың ізденістері көңіл қуантады.

Samsung компаниясының телефондары бірінші кезекте өзіндік дизайнымен ерекшеленеді. Салмағы жеңіл телефондар заманауи көштен қалғысы келмейтін жастарға лайықталған.

Соңғы жылдары нарықта пайда болған touch screen, яғни саусақ ұшын тигізсеңіз іске қосылатын телефондарда қазақ қаріптері енгізілген. Назарымызға іліккен Samsung Wave телефонында бұл қызмет жетілдіріп, әр қолданушының өз ыңғайына қарай бейімдеуге мүмкіндік берген. Мәселен, телефонды тік қалыпта да, көлбеу қалыпта ауыстырып, дисплейді ыңғайға қарай үлкейтуге болады.

Бұған дейін де өзге компания телефондарының интерфейстерінің қазақшаланғанын байқаған едік. Бірақ барлығы дерлік орыс тілінен сөздерді тура мағынасында аударғандықтан ұзақ-сонар сөздерді алақандай телефонның дисплейіне сыйдыра алмайтын. Нәтижесінде «құж-ды к-ру» (“құжаттарды көру” деген сөз) деген тәрізді қысқартылған формасын ұсынатын.

Samsung бұл орайда сөздің аудармасын емес, ұғымын беруге талпынғаны байқалады. Алғашқы кезде көзге түрпідей көрінген «ағыту», «жүктеу» сөздері уақыт өте келе көзге үйреншікті болып кетті. Сонымен қатар Bada операциялық жүйесімен жасалған телефондарда (Мысалы, Samsung Wave) телефонның әлеуметтік желі қызметін атқаруға мән берілген. Тиісінше Faceboook, Twitter тәрізді кең қолданылатын әлеуметтік желілердің мобильді нұсқаларын қазақшалаған.

Бұдан бөлек ең үлкен артықшылығы телефонда қазақтың барлық қаріптерін көрініс тапқан. Бұл қазақ тілінде қысқа хат-хабарлар жазуға және интернетке шығып, қазақ тілінде мәліметтер енгізуге мүмкіндік береді.

Қазақшаланған Samsung Wave телефонының кемшіліктері турасында айтатын болсақ, әлі де аудармаларда іздене түсу қажеттігіне баса мән берсе деймін. Телефонның функционалды қызметі көбейген сайын оған қосылатын үстеме бағдарламалар да көп. Смартофн тәріздес Samsung телефондары әсіресе қолдануға көптеген үстеме бағдарламаны өз қалауына орай жүктеп, орнатуға мүмкіндік береді. Сондықтан бұл үстемелерді қолданушы өз ыңғайына қарай қазақшалай алатын мүмкіндік қарастырылғаны құба-құп. Келесі бір қолайсыздықты виртуалды пернетақталардан сезіндік. Себебі ағылшын тілінде әріп саны қазақ тілімен салыстырғанда аз болғандықтан, оның пернетақтасындағы түймелердің көлемі үлкен. Ал қазақ тіліне ауыстырғанда пернетақта дисплейде жақсы көріну үшін түймелер кішірейіп кетеді. Бұл әріптерді тергенде ыңғайсыздықтар тудырады. Бұл олқылықтың орнын толтыру үшін виртуалды пернетақтаның орналасуына өзгерістер енгізу қажет болар.

Тұтастай алғанда Samsung Wave телефонының қазақшасын қолданушыға мынадай кеңестер береміз:

* Бұған дейін touch screen негізіндегі телефон қолданбаған болсаңыз, үйренісуге 3-4 күн уақыт кетуі мүмкін.
* Телефонда сымсыз интернет қызметі болғандықтан электронды поштаңызды жалғап қоюға болады.
* Суреттерді түсіріп, оған қазақ тілінде түсінік жазып, қысқа видео жасап, блогыңызға, сайтыңызға жолдай аласыз.
* Блогыңызға телефон арқылы қазақша жазба орнатуға болады. Тек жазбаңыз 100 сөзден асып кетпегені абзал. Телефон дисплейі жазба жазғанда жолдарды көрсетпейді.
* Кейбір сөздердің қазақшасын түсіну үшін әуелі сол қызметті қолданып көру керек. Әйтпесе, қысқартылып берілген сөздер әртүрлі мағына білдіруі мүмкін.

Асхат Еркімбай

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Адамдарымыз қазақшаны жетістірмей жатқанда қалтафондардың қазақша сөйлеп жатқаны көңіл қуантарлық жайт. Бұл да бір жаңа технологияның көмегі деп білемін. Ендігі кезекте бұл телефонды біздің шалақазақтар қолданса нұр үстіне нұр болар еді. Меніңше бұл тіл үйретудің жаңа жолы, едәуір алға жылжыған сатысы.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі