Журналистің электронды құралдары

1748 рет қаралды
1

Жаңа жылдық демалыстардан соң жұмысқа бірден кірісіп кету қиындау болар. Жұмыстарыңызды сәл де болса жеңілдету үшін өзім қолданып көрген (кейбіреулерін қолданып та жүрмін) бірнеше құралдармен бөліскенді жөн көрдім.

an incon to indicate that there is a widget. s...
Электронды құралдар

ЕСКЕРТУ: дені ағылшын тілінде. Бірақ жүктеп алып орнату еш қиындық туғызбас деген үміттемін.

  1. ПОШТА: gmail.com – артық суреттерімен, спам хаттарымен мазаңызды алмайтын Google компаниясының пошталық қызметі қазақ тілінде хат алмасуға мүмкіндік береді. Әрі төменде келтірген көптеген онлайн қызметтеріне оңай тіркелуге себепші болады.
  2. ПЕРНЕТАҚТА: keybr.com – пернетақтада саусақтарыңыз жылдам жүгіріп жүрсін десеңіз, осы құралмен күн сайын 5-10 минут жаттығып тұрсаңыз болады.
  3. БРАУЗЕР: mozilla – шолғышының қазақша нұсқасы бар. Әрі қосымша үстемелерді жүктеп алсаңыз, біраз уақытыңыз үнемделеді. Мәселен, поштаны ашып жатпай-ақ бірден тексеретін, емле қатесін тексеретін т.б. көптеген бағдарламалар бар.
  4. ҚҰЖАТ ӨҢДЕУ: toolkit – аударма жасауға, әрі жеке аудармашылық сөздікті қалыптастурға арналған ресурс. Бұл құралға кейін арнайы тоқталуым керек. Себебі интернетте қазақ тілінде контентті молайтуға қосар үлесі зор.
  5. ҚҰЖАТ ӨҢДЕУ: zamzar.com – сипаты әртүрлі файлдарды қажетті қалыпқа өңдеп береді. Мәселен, doc файлдарды.
  6. ҚҰЖАТ ІЗДЕУ: google desktop – компьютердегі құжаттарыңның қайда, қашан, қай жаққа сақтап қойғаныңды білмесең, ал бастығың тезірек тап деп жатса, осы құралды жүктеп алып, орнатуға кеңес беремін. ctrl батырмасын екі рет шертіп, кілт сөз арқылы іздеген құжатты тауып береді.
  7. МӘЛІМЕТПЕН БӨЛІСУ: twitter – өзіңнің жеке “интернет агентіңді” сайлап алу үшін пайдалы. Twitter-ден өзіңе пайдалы болатын қолданушыны тауып алсаң болғаны. Ол ойларымен, мәліметтерімен тегін бөлісіп тұрады.
  8. МӘЛІМЕТПЕН БӨЛІСУ: bit.ly – сайттардың сілтемесімен тез, әрі оңай, әрі қызықты бөлісу үшін.
  9. МӘЛІМЕТПЕН БӨЛІСУ: murl.kz – twitter т.б. шектеулі белгілермен жылдам хабар алмасатын құралдарға арнап, сайттардың сілтемесін қысқартып береді.
  10. СУРЕТ ӨҢДЕУ: gickr.com – онлайн жыпылық сурет (хмм, енді gif файлды дегенді түсіндіре алдым ғой деймін) жасауға арналған ресурс. Блогымдағы dabai.kz баннерін соның көмегімен жасадым. Бар болғаны комптағы суреттеріңізді жүктейсіз, бірер секундта жыпылық суретіңіз дайын!
  11. СУРЕТ ӨҢДЕУ: image resizer – суреттерді тез арада өңдеп, көлемін кішірейту керек болса, осы құралды жүктеп алсаңыз болады. Кейін суретке тінтуірді апарып, оның оң жағын шертіп барып, суреттің көлемін тез арада кішірейте аласыз.

Әзірлеген Асхат Еркімбай

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Иә, өте керек дүниелер, әсіресе азамматтық журналистиканың дамыған кезінде. Бұл құралдарды әрбір журналист емес, электронды бұқаралық ақпарат құралдарына жиі бас сұғатын әрбір азамат қолданса жаңа медианың ақпарат кеңістігіне кең етек жаятынына қосқан үлестері болар еді. Асхат ағай, мұндай кеңестеріңізбен бөліскеніңіз үшін рахмет.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі