/

Зобалаң жылдар зардабы

2804 рет қаралды

2011 жылдың сәуір айында «Адай көтерілісінің» басталғанына 80 жыл толады!

adai2 1928-34 жылдары Кеңес үкіметінің қазақ елінің ішінде жүргізген зобалаң  саясатының салқыны қазақ елінің ішіне орасан зор зардап әкелді. Оның әсіресе қазақ ұлтына зияны мол болды. Мал басының саны күрт төмендеп кетті. Малынан айырылған, әрі зорлап қоныс аударылған, әрі еріксіз отырықшылыққа итермеленген ауылдар жаңа жағдайға бірден көндіге алмай тұрмыс-күйлерін нашарлатып алды, сөйтіп жаппай ашаршылыққа ұшырады.

Бұл өз кезегінде тек таза қазақ ұлтының демографиялық құлдырауына, көпшілікке түсініктірек жалпақ қазақы тілмен айтқанда қазақтардың аштықтан қырылуына, сөйтіп қазақтардың санының күрт азайып, жағдайдың қазақ ұлтына қарсы әдейі ұйымдастырылған этникалық жою шарасына айналуына әкелді.

Қазақ ұлты, өзінің ежелгі мезгілден бері тұрып жатқан отанында, атажұртында бейбіт өмір сүріп отырып, апатты деңгейге дейін азайып, құрып кету және дербес ұлт ретінде өзінің этностық жеке-даралығын сақтай алмау, жоғалтып алу қауіпі бар жағдайында тұрды.

Ашаршылықтың ең алғашқы белгілері Қазақстанның батыс аудандарында 1929-30 жылдардың қысында-ақ нақты көріне бастады.

Ауыл-аймағын, мал-мүлкін аман алып қалу үшін, шыбын жандарын сақтап қалу үшін, көптеген жерлерде шекаралас Түрікменстан, Өзбекстан жерлеріне, одан әрі Иран, Ауғанстан, Қытай елдеріне жаппай үдеріле көтеріліп көшу белең алды.

Ашынған халық, Қазақстанның өлкелік партия комитеті мен кеңестік үкіметінің сол кездегі басшыларының ел ішінде жүргізіп отырған зобалаңды саясатынан туындаған залалды асыра сілтеу зардаптары мен қысымшылықтарына төзе алмай ашық түрде қарулы қарсылықтарға шығуға мәжбүр болды.

1929-1932 жылдар аралығында Қазақстанда жүргізілген саясаттың зорлығы мен зомбылығына, қуғыны мен сүргініне, асыра сілтеу зобалаңдарына қарсы 372 жерде халықтың ашық түрдегі ереуілді қарсылықтары мен қарулы көтерілістері болыпты. Сол жылдары көтерілісшілер үкімет адамдарына, кеңес, партия белсенділеріне қарсы 460 қастандық актлерін жасаған, 127 рет колхоз мүліктерін өртеген. (Омарбеков Т. «Зобалаң», немесе күштеп ұжымдастыруға 1929-31 жылдары болған халықтың наразылығы мен қарсылығы, Алматы, «Санат» баспасы, 1994, 270 бет.)

1929-1932 жылдар аралығында Қазақстанда болған халықтық бас көтерулер мен қарулы көтерілістерге 80 мыңнан астам адам қатынасыпты. (Алдажуманов К. «Крестьянское движение сопротивления», Алматы изд. Арыс-Казахстан, 1998, стр.66.)

Жоғарыда айтылған 372 жерде болған халықтың ашық түрдегі ереуілді қарсылықтары мен қарулы көтерілістерінің ішіндегі ең ауқымдылары мен ірілері,

1929 жылдың:

27-ші қыркүйегінде Қарақалпақстанның Тақтакөпір елді мекенінде басталып елдің барлық жерлерін қамтыған, тарихта «Тақтакөпір наразылығы» деген атпен қалған, халықтың қарулы ереуілі. Ол кезде бұл ел әкімшілік тұрғыда Қазақстанға қарайтын.

 

-2-

27-ші қыркүйегінде Сырдария округінің ең шеткері және ең нашар кеңестендірілген Бостандық ауданының 19 елді мекенінің 12-сі көтеріліске шыққан, «Бостандық көтерілісі» деген атымен тарихта қалды. Бұл негізінен астық, мақта, күріш өсірумен айналысатын шаруагер дихандардың бас көтеруі болды.

3-ші қарашасында басталған Қостанай округінің Бетпаққара, Наурызым, Торғай аудандарын қамтыған қарулы көтеріліс «Бетпаққара көтерілісі» деген ресми атауға ие.

1930 жылдың:

7-ші ақпанында таңғы сағат 4-те басталған Сырдария округінің Созақ, Сарысу аудандарын қамтыған «Созақ көтерілісі». Көтерілістің басты ошағы тама руының ауылдары болыпты. Көтеріліс қанға бөктіріліп басылған. Бұл оқиға тарихтан әлі күнге дейін әділ бағасын ала алмай келе жатқан «Созақ трагедиясы» деп те аталады.

-22-ші ақпанында Семей округінің Өскемен және Зырян аудандарында болған көтеріліс. Бұл көтерілістің негізгі қозғаушы күші қолдарына қару алып кеңестік үкіметтің зорлық-зомбылықтарына ашық қарсы шыққан орыс шаруалары болды. Көтерілістің басшысы азамат соғысының белсенді күрескері, ақ бандылармен соғыста шыңдалған коммунист Толстоухов еді.

-25-ші ақпанында Ақтөбе округінің Ырғыз ауданында басталған, кейін Арал, Қарабұтақ аудандарын шарпыған «Сарбаздар көтерілісі». Бұл, 1300-ден аса көтерілісшілерді біріктірген, негізгі қозғаушы күші кедей және орташа шаруалар болған, жалпыхалықтық көтеріліс болды.

-20-шы наурызында Талдықорған жеріндегі Қаратал ауданының Шұбар селосындағы халықтың ашу-ызаға булыққан көтерілісінен басталған «Шұбар-Балқаш-Шоқпар наразылығы» басталды. Бұл көтеріліс қолхоз құрылысына қарсы 900-дей адамды біріктірді.

-25-ші наурызында 900 ден астам көтерілісшілерді біріктірген «Қарақұм наразылығы» бас көтерді. Бұл да зорлық пен зомбылыққа қарсы бас көтерген шаруалардың азаттық көтерілісі болды.

                                              

     Келтір Шәненов – өлкетанушы, инженер-геолог, Каспий

     нефть» АҚ-ның Басқарма төрағасының бірінші орынбасары.

(жалғасы бар) 

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі