Flickr сайты бөлісу қызметіне Facebook пен Twitter-ді қосты

600 рет қаралды

share-this-1Наурыздың 31 күні АҚШ-тың Ғылым-техниканың блогы атты сайтында(techcrunch.com) Yahoo компаниясына қарасты Flickr фотобөлісу сайты «Бөлісу»( Share This) атты жаңа функциясына сайт қолданушыларының қолайлы жұмыс істеуі үшін Facebook, Twitter сияқты әлеуметтік желілерді қосқанын мәлімдеді.

Flickr сайтында осыдан бұрын да «Бөлісу» қызметі бар болса да, тек жеке хат сандық және берілген кодтар арқылы ғана жұмыс жасайтын еді, бірақ, бұл интернет қолданушыларына қиындық туғызып келген. Сайт мүшелерінің суреттерді өз ыңғайына қарай қалаған әлеуметтік желілеріне жіберу барысы Flickr-дегі қолданушы көріп отырған суреттің сол жақ жоғарғы тұсынан орын алған «Бөлісу қуаты» деген жерден таба алады. Қолданушы қалаған әлеуметтік желісін таңдап өз мақсатын жүзеге асырады.

Flickr бұл жаңа қызметі авторлық құқық мәселелерін де қарастырған. Тек Flickr сайтына тіркелген қолданушылар жөнінен алғанда, олар өздеріне тиесілі суретті Facebook-тағы ортақ достарымен ғана бөлісе алады. Ал, тіркелмеген шолушылар үшін Flickr-дің бұл қызметі жабық, дегенмен Twitter, Tumbler және Facebook сайттарына «Ашық жариялансын» деп белгі қойған суреттерді жариялай алады.

Flickr сайтының мәлімдеуінше, таяу мезгілде жылжымалы бағдарламаларға арналған жаңа қызмет түрлерін де қосатын көрінеді. Ал, Instagram-ның телефонда сурет бөлісу қызметін ұсынуы  Flickr-ге «соғыс ашу» екендігі анық аңғарылды. Бәсекелестікке қуаты жеткен желі адамдар арасында кең қолданысқа ие болып қала береді де, ығысқаны бас көтерудің басқа жолын іздейді деген сөз.

 

Дайындаған: Мейіржан ӘУЕЛХАНҰЛЫ

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі